5.07.2018, 17:33
Қараулар: 62
МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын!
Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді.
Астана – халқымыздың мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Бір кездері қатардағы қалалардың бірі болған елордамыз 20 жылдық тарихында миллионнан астам тұрғыны бар, экономикалық, саяси және рухани орталыққа, өркениеттің сындарлы пікірталас алаңына, ынтымақтастық пен жаhандық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтайтын орынға айналды. Ол — әлемдегі ең әсем қалалардың бірі. Жарқын Астанамыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауымыз қажет.
Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.
Астана 20 жылдың ішінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.
Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Игі ниетпен, аудан әкімі Абат ШЫНЫБЕКОВ