5.07.2018, 17:30
Қараулар: 3
МЕРЕКЕДЕ АШЫЛҒАН МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА

МЕРЕКЕДЕ АШЫЛҒАН МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА

Астана күні қарсаңында Жалпақтал ауылындағы кітапхана «Жаңа үлгідегі модельді кітапхана» атағына ие болып, тұсаукесер рәсімі жасалды. Айшықты мерекеге орай ашылған модельді кітапхананың салтанатты ашылуына аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы қатысты.
Ауыл халқын Астана күні мерекесі қарсаңындағы қуаныштарымен құттықтаған аудан әкімі Абат Абайұлы модельді кітапхана ауыл оқырмандарының сұранысына қызмет етіп, жаңа жүйеде жұмыс жасауларына тілектестігін жеткізді.
— Адам баласы кітап оқымай, тек қана ғаламтор немесе теледидармен білімді бола алмайды. Сондықтан, ұрпағымыз күн сайын кітап оқып, үнемі ізденісте болу керек. Бүгінгі ашылып отырған модельді кітапхана мектеп пен ауыл тұрғындары үшін аса қажет рухани орда, -деген аудан басшысы Жалпақтал ауылдық кітапханасына модельді кітапхана статусы берілгендігі туралы сертификаттын табыс етті. Жалпақтал жұртшылығы үшін модельді кітапхананың ашылуы үлкен қуаныш. Кітапхана рухани орда заманауи талапқа сай жабдықталған және қызықты деген кітап-журналдардың барлығын да осы жерден табуға болады. Модельді кітапхана – оқырмандарға қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Бүгінде Жалпақтал кітапханасында 30 мыңның үстінде кітап қоры бар. Оқырмандар кітапханада сондай-ақ, ғаламтор жүйесін де пайдалана алады. Лента қию рәсімінен соң қонақтар жаңадан ашылған кітапхананы аралап, ондағы бөлімдермен танысты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар