5.07.2018, 17:27
Қараулар: 173
ЖАҢАЖОЛДА ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ

ЖАҢАЖОЛДА ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында билік пен жергілікті кәсіпкерлер жан – жақты қолдау көрсетіп, жаңа спорт аландарын салуда. Осындай игі бастама ауданымыздың Жаңажол ауылында Елордамыздың 20 жылдық мерекесі қарсаңында көрініс тапты.
Жылма-жыл аудандық бюджет есебінен округ орталықтарында шағын футбол алаңдарын салынуда. Биылғы жылдың өзінде аудандағы бұл төртінші футбол алаңы. Шағын футбол алаңы «КазСтрой» ЖШС-нің басшысы Қайрат Мұсағалиев «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 9 млн теңге қаражатқа салып берді. Ауылдың қақ ортасында орналасқан шағын футбол алаңында спортпен айналысамын деушілерге шектеу жоқ. Салтанатты сәтте сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков Астананың 20 жылдық мерекесі қарсаңында ауылға жасалған сый деп бағалады. Сонымен қатар аудан басшысы Жаңажол ауылында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
-Биылғы жылы Көктерек, Болашақ, Қайыңды ауылдық округтерінің орталықтарында осындай шағын футбол алаңы бойы көтерді. Бұл төртінші футбаол алаңы. Енді алдағы уақытта Қараөзен ауылдық округінің орталығында да осындай футбол алаңы жасақталмақ. Мықты спортшылардың көбі ауылдан шығады. Осы футбол алаңынан елге, әлемге белгілі азаматтар тәрбиеленіп шықсын, — деді аудан басшысы.
Заман талабына сай шағын спорт алаңын салған мердігерге ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Зейнеткер Серік Әжкенов тұрғындар атынан ыстық ықыласын жеткізіп, ақ батасын берді. Елге тарту етілген спорт алаңын жақсы күйде ұстау ауылдықтардың міндеті екенін айтты.
Салтанатты шара соңында жаңа футбол алаңының лентасын аудан әкімі Абат Шыныбеков пен ардагер спортшы, еркін күрестен республиканың, облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы Қайырлы Жиенбаев қиды, шашу шашылды. Футбол алаңының ашылған сәтінен соң жасөспірімдер ойын бастауға дайын болды. Жаңа футбол алаңындағы алғашқы ойынға доп қосу құрметіне аудан әкімі Абат Абайұлы ие болды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.