5.07.2018, 17:17
Қараулар: 221
АУДАНДА КӨГІЛДІР ОТЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

АУДАНДА КӨГІЛДІР ОТЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Ауданымыздың 41 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. Кейбір ауылдық округтер бізге «көгілдір отын қашан келеді» екен деген көкейдегі сұрақтарын әкімдердің есеп беру жиындарында талай айтып жүр. Сол көгілдір отынның жыры биыл өз шешімін тапты.
Ауданымыздағы 13 елді мекенге көгілдір отын тарту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды «АлияСервис» ЖШС-гі атқаруда. Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан және Қособа ауылдарын, Көмекші, Көктерек, Оразғали, Жұлдыз ауылдарын газбен жабдықтау және Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек елді мекендерін көгілдір отынмен қамту проблемалық мәселесі шешіліп, үш бағытқа республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінуде.
Міне, «көптен күткен ұлы той» — демекші газ мәселесі алыстағы ағайынның көптен бері қол жеткізе алмай жүрген арманы десек артық айтқандық болмас. Армандаған көгілдір отынның ауылы да алыс емес

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.