5.07.2018, 17:01
Қараулар: 2
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

4 шілде күні Қазталов ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесінің талаптарына сай және Қазталов ауданы әкімдігінің Қазталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық құқығындағы кәсіпорыны директоры бос азаматтық қызметші лауазымын иеленуге үміткерлерді іріктеу үшін құрылған конкурстық комиссиясының 2018 жылғы 3 шілдедегі №3 хаттамасына сәйкес Қазталов ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының бұйрығымен Сабыржан Ерсайынұлы Избасаров Қазталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық құқығындағы кәсіпорыны директоры қызметіне тағайындалды.
Ұжымға жаңадан сайланған кәсіпорын директоры Сабыржан Избасаровты аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин таныстырды.
Сабыржан Ерсайынұлы Избасаров
1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. БҚАТУ-дың «инженер-механик» және Батыс Қазақстан инженерлік академиясының «қаржыгер» мамандықтары бойынша білім алған. 2007-2014 жылдар аралығында аудандық балалар, жасөспірімдер туризм орталығында ұйымдастырушы, директор міндетін атқарушы, «Жайық Жарығы» ЖШС-ның инженер, бас маманы қызметтерін атқарған.
2018 жылдың 3 шілдесінен бастап Қазталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық құқығындағы кәсіпорыны директоры қызметінде.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар