5.07.2018, 16:59
Қараулар: 135
«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ

«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ

Редакцияға мына бір жағымды хабар кешігіңкіреп жетті. 28 маусым күні өткен облыстық ардагерлер пленумында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ағамыз ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бұл медальмен облыс бойынша 3 ардагер марапатталғанын ескерсек, Уәлиолла Әбішев ағамыздың кезінде ауылшаруашылық саласына сіңірген еңбегінің зор екенін көреміз. Бүгінде жетпістің төріне жақындап қалса да, есімдері белгісіз болып келген Ұлы Отан соғысында шейіт кеткен боздақтар үшін тер төгіп жатқанын айтқан жөн. Осындай адамдар жастарға үлгі болғандай.
Марапатыңыз құтты болсын!

Әсем БОЛАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар