5.07.2018, 16:48
Қараулар: 73
МАРАФОНШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

МАРАФОНШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

3 шілде күні аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова 65 шақырымды жүгіріп өткен бостандықтық Мержан Серіков пен Еділжан Қосболовты қабылдады. Өздеріңізге белгілі осы желаяқтар өткен жылы 47 шақырымды жаяу жүгіріп өтіп, жұртшылықты таңғалдырса, биыл желаяқтар Мержан мен Еділжан өздерінің туған ауылына «Бостандықтық марафон» атағын қалыптастыру үшін 65 шақырымды бағындырды.
Қабылдауда аудан әкімінің орынбасары марафоншы жігіттердің үлкен биікті бағындырғанын, бұндай жетістіктерге кез келген адамдардың жете алмайтынын,сондықтан сіздердің белестерің басқаларға үлгі болады,- деп айта келіп, алдағы уақытта да ауданымыздан осындай рекорд жасайтын жастар көбейе берсін! – деген тілегін жеткізді. Қабылдауда марафоншы жігіттерге аудан әкімінің алғысхаты және естелік сыйлықтар тапсырылды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.