3.07.2018, 16:41
Қараулар: 5
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Домбыра — халқымыздың ғасырлар бойғы айнымас серігі. Биылғы 1 шілде Елбасымыздың алғаш рет Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жалпақтал жұртшылығы да алғашқы мерекені ауыл болып тойлады. Мəдениет үйінде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Зəйлім Мəжитова қатысып, ауылдастарды ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
-Жағымды жаңалық жүрегімізге жылы ұялап, жанымызды жадыратты. Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілмек бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ. Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым. Домбыра күнінің белгіленуі жай­дан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ. Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында Талдыапан, Көктерек ауылдық округтерінде домбыра монументтінің орнатылғанын мақтанышпен айтамыз. Бүгінгі ұлттық домбыра күні құтты болсын,- деді Зəйлім Исатайқызы. Мәдениет үйінде өнер мектебінің домбырашылары күмбірлете күй төгіп, ауыл өнерпаздары əн жырдан шашу шашты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.