3.07.2018, 16:24
Қараулар: 115
«АСТАНА — БАҒЫ БИІК АСҚАРЫМСЫҢ»

«АСТАНА — БАҒЫ БИІК АСҚАРЫМСЫҢ»

Ауданымыз бойынша Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында мекеме ұжымдары арасында өнер фестивалі оздырылуда. Осы орайда 29 маусым күні аудан орталығындағы «Достық» саябағында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық «Ауыл айнасы» газеті, аудандық мұрағат, «Айбын» спорт клубы, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық экономика және қаржы бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық статистика бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және аудандық ардагерлер кеңесінің қатысуымен «Астана — бағы биік асқарымсың» атты мерекелік концерті өтті.
Концертте жоғарыда аталған мекеме ұжымдарының өнерлі қызметкерлерінен құрылған көркемөнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Концерт барысында құлақтың құрышын қандырар күйлермен қатар әуелеген әндер Астананың атағын асқақтатып жатса, поэзиялық топтамаларда халықтың Астанаға деген ықыласын сездірді.

Қайрат ЖАҚЫП

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.