29.06.2018, 16:56
Қараулар: 90
ҚАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ СОТЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ

ҚАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ СОТЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ

28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай Қазталов аудандық сотының судьясы Ұмсын Сүйінғалиқызы Мұқанғалиева «Ауыл айнасы» газетінің қызметкерлерін қабылдады.
Қабылдауда аудандық соттың судьясы, — «Ауыл айнасы» газеті сот қызметінің ашықтығын, жариялылығын «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуда. Ақпарат өкілдері мен аудандық сот қызметкерлері арасында тығыз байланыс орнап отыр. Сондықтан сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, жұмыстарыңа табыс тілейміз! — деді.
Қабылдауда аудандық газеттің тілшісі Әсем Халиуллина (Болат) сот қызметін жазуда белсенділік танытқаны үшін аудандық соттың мақтау грамотасымен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Мереке күнгі қабылдау үшін газет редакторы Серік Жұмағалиев аудандық соттың ұжымына алғысын білдірді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.