29.06.2018, 16:45
Қараулар: 109
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

27 маусым күні аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің мүшелерін және біртоп ардагерлерді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин қабылдады. Қабылдауда сөз алған төрағаның бірінші орынбасары ардагерлерді Астананың 20 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар 18 бастауыш партия ұйымында 2365 мүшені топтастырып отырған ауданымыздағы бірден бір партия ұйымының атқарып жатырған жұмыстарына тоқталды . — «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба бойынша ардагерлердің жағдайы партияның үнемі назарында. Сондай-ақ аудандағы атқарылып жатырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерден де шет қалып жатырған жоқ. Көптеген еңбек адамдары немесе қызметкерлер белгілі бір салада табысқа жетіп жатса, олардың көпшілігі партия мүшелері. Осының нәтижесінде болар партия ұйымының қатары жылдан-жылға нығайып келеді. Соның бір айғағындай бүгін 15 ардагер партия қатарына қабылданып отыр. Партия билетін ала отырып, сіздер ауданымыздың қоғамдық-саяси істеріне қатысып, өскелең ұрпаққа өнеге болатындай істер атқарыңдар!,- деген тілегін жеткізді.
Қабылдауда партия билеті салтанатты түрде табыс етілді.Қабылдауда сөз алған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, ардагер-ұстаз Күләш Хасанова Астананың 20 жылдық мерекесімен құттықтап, «Нұр Отан»партиясының қызметіне табыстар тіледі.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.