27.06.2018, 17:55
Қараулар: 96
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ (АУДАНАРАЛЫҚ СЕМНАР-КЕҢЕС)

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ (АУДАНАРАЛЫҚ СЕМНАР-КЕҢЕС)

27 маусым күні Қазталов ауданының Алма Оразбаева орта жалпы білім беретін мектебінде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысында әлеуметтік көмек жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің жұмысын ұйымдастыру туралы семинар-кеңес өтті.Семинар-кеңеске Ақжайық, Жәнібек, Бөкей Ордасы және Тасқала, Жаңақала аудандарының консультанттар,ассистенттері мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Семинардың ашылуында сөз алған Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бұл орталықтың жұмысы халық үшін маңыздылығына тоқталды. Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімнің басшысы Қайырғали Надырғалиев жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысы және мақсат-міндеттерін атап, облыста атқарылып жатқан жұмыстар жәйін баяндады. Осы мәселеге байланысты Қазталов, Ақжайық, Тасқала, Жәнібек аудандарының халықты қамту орталығының өкілдері өз аудандарында атқарылып жатқан жұмыстардан хабарлама жасады.
Семинар-кеңесте хабарламада айтылғандай ауданымызда да жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанынан құлағдар болдық. Мәселен, 2018 жылдыі 1 маусымдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек, құрамында 13240 адамы бар 2803 отбасына тағайындалса, 1826 адам шартсыз және 11063 адам шартты ақшалай көмек алған көрінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда АЕК-тің көлемі шамамен 25 млн. теңгеге артып, адам басына шаққанда ай сайынғы төлем 7600 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, 801 мың адам қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа тартылса, 241 адам қайта даярлаудан өткен. Ал 7 адам өз бизнесін ашқан.
Жалпы алғанда семинар-кеңесте айтылған басты мақсат – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік мұқтаж отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жекелеген қажеттіліктеріне бағытталған кешенді қолдау болып табылады. Осы орайда отбасы қиындықтардан шығу үшін көмек алушының да әлеуметтік көмек көрсететін тараптың да араларындағы келісім шарттарға үлкен жауапкершілікпен қарау қажет етілетіні ашық та айқын айтылды.
Семинар-кеңесті түрлі сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.