27.06.2018, 17:51
Қараулар: 108
ӨКІЛ ИМАМ АУДАНЫМЫЗДА

ӨКІЛ ИМАМ АУДАНЫМЫЗДА

27 маусым күні Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов ауданымызға келді. Өкіл имам аудан әкімдігінде қоғамдық ұйым өкілдерімен, ауыл имамдарымен кездесіп, әңгімелесті. Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева ауданымыздағы діни ахуал жәйінде және ауылдардағы имамдар атқарып жатқан істер туралы оларды қолдау бағытындағы жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді.
Бұдан өкіл имам Қазталов ауылының мешітінде жамағатпен кездесті. Кездесуде діни тұрақтылық, жастар арасында имандылық тәрбиесін жүргізу, арнайы діни білімі имамдарды ауылдарға тарту мәселелері төңірегінде келелі ойлар айтса, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен кездесуде әлемде бой алдырып отырған экстремизм мен теорризмнің алдын алу, жастардың теріс бағытқа түсіп кетпеуі тағы басқа да келеңсіз жәйттерге ұрынбау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуде құқық саласы қызметкерлерінің рөлінің зор екеніне және оларға жауапты міндеттер жүктеліп тұрғаны туралы сөз қозғады.
Осы кездесулерде діни мәселелерге байланысты түрлі сауалдар қойылып, оған тұшымды жауаптар қайтарылды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.