27.06.2018, 17:46
Қараулар: 105
ЖУРНАЛИСТЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЖУРНАЛИСТЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

26 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні қарсаңында аудандық «Ауыл айнасы» газетінің ұжымы мен газеттің қоғамдық тілшілерін қабылдады.
Қабылдауда Зәйлім Исатайқызы журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, «Ауыл айнасы» газетінің ұжымына аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары газеттің штаттан тыс тілшілері Мержан Қарабалин мен Үміткер Орынғалиевке және газеттің «Нағыз қазақ – домбыра» айдарының жүргізушісі Әсемгүл Жұмабаеваға да аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
Қабылдау барысында редакцияның материалдық базасын нығайту мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы әңгіме қозғалды.
Сондай-ақ қабылдауда аудандық ардагерелер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина өздерінің құттықтау тілектерін жеткізе отырып, газетке қатысты ұсыныс-пікірлерін де білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.