23.06.2018, 17:15
Қараулар: 104
ВЕЛОШЕРУ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

ВЕЛОШЕРУ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

Облысымыз бойынша 9 маусым 1 шілде аралығында Елордамыз – Астананың 20 жылдығына орай 5-10 шақырым қашықтықта велошеру эстафетасы оздырылуда. Осы орайда 23 маусым күні аудан орталығы Қазталов ауылында да аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, еңбек және спорт ардагерлері, аудан жастары, ауыл тұрғындарының қатысуымен велошеру эстафетасы өтті.
Веложорық «Достық» саябағынанан бастау алды. Велошеруге қатысушылар Шарафутдинов, Садықов, Ихсанов, Алма Оразбаева көшелерімен жүріп өтті. Барлығы 15 шақырымдай жолды еңсеріп, қайтадан «Достық» саябағына барып тоқтады. Шеруге қатысушылардың арасында ең жасы үлкені – Мұқанғали мен Теміртай ақсақалдар. Спортты серік еткен қариялар жастардан бір елі қалыспады.
Эстафетаны Жәнібек ауданынан қарсылап алып, Тасқала ауданына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова табыстап, барша қатысушыларға алғыс білдірді.
Велошеруге қатысушылардың құрметіне ән шырқалып, КСРО-ның спорт шебері Валериан Бектұрғанов ағамыз құттықтау тілегін жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.