23.06.2018, 17:07
Қараулар: 105
МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы және Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті. салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,- Мемлекеттік қызметші – жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірбиеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы тиіс. Ауданымыздың 161 мемлекеттік қызметшілері өздерінің күнделікті жұмыстарында осы талаптарды тиісті дәрежесінде ұстануда. Нәтижесінде билік пен халық арасындағы байланыс жоғары деңгейде,-деп айта аламыз. Сонымен қатар халықтың бостандығын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алуда полиция қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктеледі. Осы міндеттерді ауданымыздың 80-нен астам тәртіп сақшылары абыроймен атқаруда. Сіздерге бүгінгі кәсіби мереке күні алдағы уақытта да қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін,- деген лебізін жеткізді.
Салтанатты шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрбол Иманғали ант қабылдады. Осы салтанатты шарада бір топ мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшылары облыс, аудан әкімінің және облыстық департаменттердің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған облыстық спартакиадада волейболдан 3 орынға ие болған ауданның командасы да марапатқа ие болды. Бір топ полиция қызметкерлері «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісіне ие болса, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің алғысына да ие болды.
Салтанатты жиыннан кейін аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің мерекелік концерті көрермендерге ұсынылды. Айта кетер бір жәйт өздерінің кәсіби мерекелерінде тәртіп сақшылары ресмиліктен арылып, жиналған жұртшылыққа өздерінің өнерлерін тарту етті. Ал бұндай тарту – халық пен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің байланысын, бір-біріне деген сенімділігін, құрметін арттыра түсері сөзсіз дейміз.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.