21.05.2018, 9:39
Қараулар: 160
«АЛАУ» ЛАГЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«АЛАУ» ЛАГЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оқу жылы аяқталып, балалардың көңілді демалысы да басталатын уақыт жақындады. Биылғы жылы да аудан оқушылары жылдағы дәстүрге сәйкес лагерьлерде демалып, бос уақыттарын көңілді өткізетін болады. Осыған орай 18 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбеков «Алау» демалыс лагерінің балаларды қабылдауға әзірлік барысының жұмыстарымен танысты.
Айта кету керек «Алау» лагерінің бірінші кезеңінде 45 бала демалатын болады. Бұл уақыттар ішінде демалуға келген балаларға жоспарға сай түрлі бағыттар бойынша мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады. Былайша айтқанда, демалуға келген балаларға демалыс уақыттарын көңілді өткізуге күш салынады. Лагерьдің әзірлік жұмысымен таныса келе, аудан әкімі Абат Шыныбеков тиісті мекемелерге қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуына, тамақ өнімдерінің талапқа сай болуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына және түрлі мәдени-спорттық шараларды өткізуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз болуын міндеттеп, тиісті тапсырмалар берді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.