2.02.2018, 16:17
Қараулар: 2
ӨҢІР БАСШЫСЫ ОҚУШЫЛАР ӨНЕРІНЕ ТӘНТІ БОЛДЫ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ОҚУШЫЛАР ӨНЕРІНЕ ТӘНТІ БОЛДЫ

Ауданымыз Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағдарламаларға сәйкес ауқымды істерді атқаруда. Соның бір айғағы – өңір басшысы Алтай Көлгінов іссапармен келгенде тағы да бір көрініс тапты. Мектеп оқушыларының қолынан шыққан қолөнер бұйымдары (Жалпақтал өнер мектебі және Бостандық мектебі, аудандық тәрбие орталығы) аудандық мәдениет үйінде көрмеге қойылды. Мал сүйектерінен жасалған түрлі бұйымдарға өңір басшысы қызығушылық танытты. Облыс әкімдігінің ғимаратының макетін оқушылар Алтай Көлгінов ағасына сыйға тартты. Облыс әкімі ризашылық білдіріп, алтын қолды оқушыларға тілегін айта келіп, бұл сыйлықты облыстық музейге тапсыратынын жеткізді.
Келген қонақтарға көрменің таныстырылымын оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түсіндіріп берді. Міне, бұл білімнің ұлттық өнермен ұштастырыла жүргізіліп жатқанын байқатып тұрған жоқ па?!

Гауһар ӘДІЛЖАН