31.01.2018, 10:51
Қараулар: 252
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ — ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ — ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ

30 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел арасында түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насиxат тобы Қазталов ауылы тұрғындарымен кездесіп, Жолдаудың басты бағыттарын талқылау бойынша жиын өткізді.


-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында «технологиялық» және жаһандық өзгерістер кезеңінде тұрақты даму үшін мемлекет пен қоғамның ең өзекті міндеттерін көрсетті. Қазақстан үшін де заманауи тренд болған Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде табысты әлеуметтік бейімделу үшін жаңа мақсаттар анықталды. Ұлттың рухани, зияткерлік дамуы, азаматтарымыздың моральдық және физикалық әл-ахуалын арттыру арқылы ғана қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болады. Осы мәнмәтінде адами капитал индексін мемлекеттің жаңғыру негіздері ретінде дамыту мәселесі жеке бөліммен атап көрсетілген, -деді жиынды ашқан Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов.
Жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, насиxат тобының мүшесі Уәлиолла Әбішев: — Президент Жолдауы аясында қабылданған әлеуметтік саладағы маңызды шешімдер адами капиталды жетілдіруге ғана көмектеспейді, сонымен бірге тұрақты және жаппай әлеуметтік-экономикалық прогресс негізі болып табылады. Бұл Жолдау мемлекетте жүзеге асырылып жатқан барлық реформалардың әлеуметтік бағыттылығының айқын куәсі болды. Сонымен бірге Жолдау мемлекет, қоғам және әр азаматтың өз тағдыры үшін өзара жауапкершілігін аңғартады.
Осы себепті, «ұлттың табыстылығы факторы минералды ресурстар емес», нақ адамның өзі болады. Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру үрдісін дұрыс түсінуіміз бен әрқайсымыздың тікелей атсалысуымыз, жаңарудың қажеттілігін жете ұғынуымыз Қазақстанның жарқын болашағын құруда түйінді факторлар болып табылады, -деді.
Басқосуда сөз алғандардың пайымынша, Мемлекет басшысы ұсынған елімізді төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамытуға арналған 10 негізгі міндет Қазақстан дамуының жаңа бағытын көздейді. Бұл бүгінгідей алмағайып уақытта қоғамның мүддесі мен негізгі мақсатын ескеретін стратегиялық тұрғыдан маңызды құжат.
Жолдауды талқылаған мұндай жиындар ауданымыздың барлық округтерінде өтуде.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.