31.01.2018, 10:48
Қараулар: 19
ЖАСТАР — ИДЕЯ АЙТУШЫ ЕМЕС, ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ БОЛУЫ ТИІС

ЖАСТАР — ИДЕЯ АЙТУШЫ ЕМЕС, ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ БОЛУЫ ТИІС

30 қаңтар күні Бостандық ауылдық округінде «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты еркін форматта аудан әкімінің жастармен бейресми кездесуі өтті. Кездесуге ауданымыздың мекеме, ұйым басшылары мен жастар жетекшілері, белсенді жастар қатысты.
Кездесу барысында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов елімізде жүргізіліп отырған жастар саясатының негізгі тұстарына тоқтала келіп, Елбасымыздың кешегі халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру — жастардың басты міндеті болатынына тоқталды. Кездесуде сөз алған аудан әкімі Абат Абайұлы, -Бүгінгі күнде жастардың белсенділіктері, олардың қоғамға тигізер үлесі туралы қандай болу керек? — деген сұрақты қоя отырып, мына мәселелерді ашып айтты. Еліміз экономикасының негізі қозғаушы күші орта және шағын бизнес саласы болып табылады. Неге біздің ауданымыздың жастары осы салаларда бастаушы күш болып жүрмеске? Тек кәсіп дегенде мал бағу емес, түрлі сервистік қызметтерді атқаратын жұмыстар да жетіп жатыр. Кешегі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойлар жастарға тың серпіліс әкелетін идеялар. Сол идеяларды сіздер іске асырушы болып табыласыздар, — деді.
Осы мәселеге орай белсенді жастарымыз өз ойларында ортаға салды. Мәселен, қошанкөлдік жастар құс өсіру фермасын ашуды жоспарлап жатса, бостандықтық жастар «Туған жер» бағдарламасы аясында «100 ән, 100 күй» жобасын қолға алған. Сонымен қатар аудан жастары ұлттық қолөнерді қолға алып, қолдары алтын жастарды бір жерге жинап, жастар фестивалін өткізуді де мақсат етіп отыр. Себебі біз енді шет елдік өнерге, мәдениетке таңдай қағып отырмай, керісінше өзімізді-өзіміз танытуға құлшыныс жасауға тиіспіз. Міне, осындай және басқа да еркін әңгіменің арқауы болған мәселелер төңірегінде қызу пікірталас ұйымдастырылды.
Жастар көтерген мәселелерді тыңдай келіп, аудан әкімі әркезде де қолдау көрсететінін жеткізумен қатар, жастар тек идея айтушы ғана емес, жүзеге асырушы екендігіне тоқталды.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар