31.01.2018, 10:43
Қараулар: 7
СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

30 қаңтар күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Неғметуллин, облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тұрарбек Алтынбекұлы Жалпақтал ауылында болып, спорт нысандарының жұмысымен танысты.
Алдымен округ әкімі Самиғолла Ақмурзинмен кездесіп, округте атқарылған жұмыстар жайында әңгіме өрбіді. Мұнан кейін Айбар Мұғалбаев жетекшілік ететін аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты. Ең алдымен күрес залын аралап, палуандармен кездескен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Махамбетұлы жаттықтырушы Ғаділбек Сатыбалдиевтың жұмысына сәттілік тіледі. Бүгінде аудандық спорт мектебінде бір ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, үш спорты шебері, 11 спорт түрінен 22 жаттықтырушы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 476 оқушы жаттығып, спортпен шұғылдануда. Аталмыш мекеменің басшысы Айбар Мұрадымұлы бұл спорт мектебі 1969 жылы салынған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілсе деген ұсынысын айтты.
Сонымен қатар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Неғметуллин, облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тұрарбек Алтынбекұлы К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің мұражайында болып, жәдігерлермен танысты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ