31.01.2018, 10:38
Қараулар: 37
11 ЖАСТА 300 КІТАП ОҚЫП, ТАУЫСҚАНДАР

11 ЖАСТА 300 КІТАП ОҚЫП, ТАУЫСҚАНДАР

Бүгінгі күнде кітапханаға келіп кітап оқушылар азайып бара жатыр деп жиі ауызға аламыз. Әрине, ғаламтордың шырмауы, басқа да ақпараттар тасқыны – кітапқа деген сұранысты азайтып бара жатқаны шындық. Дегенмен жасөспірімдер арасында кітапқа деген құмарлық әлі де басым. Солардың бірі Қазталов орта мектебінің 6 сынып оқушылары Қарақат Мусина мен Аружан Каримованы айтуға болады. Олар аудандық модельді балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары болып табылады. Мәселен, Қарақат осы кезге дейін 300-ге жуық кітап оқыса, соның көбі ертегілер, ал Аружан 200-ден астам кітап әлеміне енген. Бұл оқушылармен әңгімелесе қалсаң, ой-өрістері де жоғары. Яғни, көркем әдебиеттің олардың өмірге деген көкжиектерін кеңейткені көрініп тұр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай адамдардың сана-сезіміне көрікті ойлар қосатын, өмірді танып, білгізетін әдебиеттен ажырамау – ұлттық қадір-қасиетімізді одан әрі шыңдай түсері сөзсіз.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар