31.01.2018, 10:36
Қараулар: 25
МЕКТЕПТЕ АУҚЫМДЫ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

МЕКТЕПТЕ АУҚЫМДЫ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Қазталов орта мектебі Елбасының «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген істер тыңдыруда. Мектептің қосымша білім беру педагогі Гүлнұр Әжіғалиеваға жолыққанымызда былай деп әңгімеледі: -Бүгінгі күнде бағдарламаның «Туған жер» атты тақырыбы аясында жергілікті тұрғындардың жеке қолдарындағы көне жәдігерлерді, қолөнер бұйымдарын жинастырып жатырмыз. Сонымен қатар оқушылар кейбір тұрғындарға (қарияларға) қайырымдылық шараларын өткізуде. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан арнайы стенд ұйымдастырудамыз. Болашақта мектептің үлкен дәлізінде «Туған жер» бағдарламасына сәйкес тақырыптық бұрыштар ұйымдастырылатын болады. Тариx кабинеті ауылымыздың тариxынан сыр шертетін орынға айналмақшы. Мақсатымыз — мектептегі 400-ден астам шәкірттердің ұлт құндылығын білуге үйрету, -деп сөзін аяқтады.
Біз мектептен шығып бара жатқанда оқушыларды үзіліске шақырған қазақтың күйі орындалды. Құлаққа жағымды, жүрекке жылы естіледі екен…

Әсем БОЛАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар