31.01.2018, 10:33
Қараулар: 37
ЖҰМЫСТАРЫНАН ЕСЕП БЕРДІ

ЖҰМЫСТАРЫНАН ЕСЕП БЕРДІ

29 қаңтар күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №15-ші,№19-ші өрт сөндіру бөлімдерінің 2017 жылдың 12 айында жедел-қызметтік және әкімшілік-шаруашылық жұмыстары туралы есептері тыңдалған жиын өтті.
Жиынға Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков, облыстық Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, полковник Максим Хайрекенов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамалары қатысты.
Жиында атқарылған жұмыстар мен қатар ауданымыздағы құрамалардың техникалық базасы туралы және шешім таппай жүрген мәселелер төңірегінде де әңгіме қозғалды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар