31.01.2018, 10:29
Қараулар: 13
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕСІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕСІ

29 қаңтар күні аудан əкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Жандос Дүйсенғалиевтің төрағалығымен Елбасының «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының талқылау отырысы өтті. Талқылау отырысына аудан əкімі аппаратының жəне салалық мекеме мамандары қатысты.


Отырыста сөз алған Жандос Дүйсенғалиев: -Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы 9 басымдылық «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі». Елбасы «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс» деген. Осы мақсатта аудан əкімдігінің арнайы электрондық поштасы мен Watsapp желі ашылғаны бəрімізге мəлім. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму дамуына елеулі қауіп төндіреді, -деді.
Жиынға қатысушылар Жолдаудың бұл тармағына қатысты, яғни сыбайлас жемқорлық туралы ойларын айтып, пікірлерін білдірді.

Гауһар ƏДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар