24.01.2018, 9:33
Қараулар: 154
ЖАҢА ЖОЛДАУ: ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА ЖОСПАР

ЖАҢА ЖОЛДАУ: ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА ЖОСПАР

Ұлт көшбасшысының кезекті Жолдауы алда атқарар тірлігімізді тиянақтап, мәңгілік елге бастар жоспарымызды айқындап берді. Енді тек осы бас құжаттың орындалуына жұмылуымыз қажет. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінен құралған ақпараттық түсіндіру топтары Жолдауды жан-жақты түсіндіруде.
23 қаңтар күні ақпараттық-насихат топ өкілдері аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария, қаржы және экономика, мемлекеттік кірістер мен статистика бөлімі мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев: -Биылғы жылғы Жолдаудың өзегі – технологияландыру және цифрландыру. Әлемде орын алып жатқан динамикалық өзгерістер Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сай әрі жедел түрде жауап қатуды талап етеді. Цифрландыру қазақстандықтардың ілгерілеудің жаңа нақты ахуалдарына сәтті навигациялануы мен бейімделуінің қажетті алғышарты болып табылады. Сондай-ақ Жолдауда 10 міндет белгіленді, олар бірінші кезекте «Индустрия 4.0» ретінде көбірек танымал Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін кеңінен енгізуге бағытталған, -деді.
Кездесуге қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Жолдаудан туындайтын жаңа мақсаттарға жету үшін біріге жұмыстанатындарын жеткізді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.