24.01.2018, 9:18
Қараулар: 170
ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР ЖОЛДАУ

ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР ЖОЛДАУ

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы 10 қаңтар күні жарияланған болатын.
Осыған орай 22 қаңтар күні ақпараттық түсіндіру тобы аудандық білім бөлімінде, орталық кітапханада кездесу өткізді. Кездесуге саз мектебі, тəрбие орталығы, туризм жəне экология бөлімі, білім бөлімі, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, мəдени-демалыс орталығы, орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен кітапхана, аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар орталығы, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнетақы төлеу орталығы, коммуналдық шаруашылық бөлімі ветеринария бөлімі, «Казпошта» торабы, газ шаруашылығы ұжымдары қатысты.
Кездесуде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева: — Елбасымыз биылғы Жолдауында білім саласы бойынша «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытында айтқан. «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.
Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Орыс тілін білу маңызды болып қала береді.
2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.» делінген. Мектептерде жаңартылған білім мазмұнында мұғалімдеріміз оқып, білімдерін жетілдіруде. Жаңартылған білім мазмұны бағытында оқыған ұстаздардың жалақысы 30 пайызға, «жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі», -деді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уəлиолла Əбішев Жолдаудағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты жəне медициналық сақтандыру туралы тапсырмаларға тоқталды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Артур Берденов Жолдауда «Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі» міндетіне тоқтолды. Орталық басшысының айтуынша: — Жолдауда «Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көштік.
Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді.
Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.» делінген. Атаулы əлеуметтік көмек қазіргі күнде халыққа түсінік жұмыстары жүргізіліп, жұмыстанудамыз. Жұмыспен қамту саласында өткен жылғы Жолдаудан туындаған міндеттер бойынша 200-ден астам адам түрлі мамандықтар бойынша оқып келсе, оның 60-тан астамы жұмыспен қамтылды,-деді.
Сонымен қатар кездесуде зейнетақы төлеу орталығының басшысы Эльмира Сармалаева Жолдауда айтылған зейнетақы төлеу бөлімі туралы айтты.
Кездесуге қатысушылар Жолдауды қолдайтындықтарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

Гауһар ƏДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.