16.01.2018, 17:36
Қараулар: 69
ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕР САРАЛАНДЫ

ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕР САРАЛАНДЫ

12 қаңтар күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалығымен 10 қаңтар күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді нақтылау және халық арасына жеткізу мақсатында актив жиыны өтті. Оған мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, бөлім басшылары қатысты.
Жиында аудан әкімі Абат Абайұлы: — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 10 басым бағытты атаған болатын: индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Қазақстанның жаңа әлем көшбасшыларының қатарына енуі үшін цифрландыру және ел өміріндегі барлық салаларға заманауи технологияларды енгізу – Елбасы Жолдауында ұсынылған мемлекет дамуының негізгі бағыты. Бүгін біз маңызды құжаттың басым бағыттарын ауданда атқару бойынша түсіндіру және іске асыру үшін жиналып отырмыз, -деді өз сөзінде.
Сонымен қатар активте аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Тауфих Мұқанов, аудандық мәслихат депутаты Марат Тоясов, Көктерек ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлы, Бірік орта мектебінің директоры Уәлихан Жағыпаров, Қазталов аудандық ауруханасының директоры Алмас Жүнісбеков өз салалары бойынша туындайтын міндеттерге тоқталып, Жолдау аясында келешекте атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиын соңында аудан әкімі Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ