16.01.2018, 17:26
Қараулар: 108
ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Елбасы өзінің халыққа жолдаған биылғы Жолдауында: «Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі», — делінген.
Жолдауда мұғалімдердің еңбекақысын жоғарылату туралы айтылған. Бұл бағыттағы шешім Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды мәселелерінің бірі деп ойлаймыз. Себебі елдің ертеңі – балаларды тәрбиелеп, білім беретін ол – мұғалім. Біздер, ұстаздар қауымының елеулі еңбегіне лайықты баға беріле бастады. Енді біздің басты міндетіміз – Елбасы айтқан сыни қабілеті жоғары, сандық технологияны, үштілді еркін меңгерген, білімді, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуіміз керек. Сол жолда аянбай еңбек етеміз де!

Айгүл ӘНУАР,
А.Оразбаева атындағы орта мектебінің жаңартылған білім бойынша бастауыш сынып мұғалімі