16.01.2018, 17:24
Қараулар: 93
КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ – ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ – ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Адамзат жаңа өнеркəсіптік революция дəуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде. Бұл біздің əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз деуге болады. Яғни елімізді төртінші өнеркəсіптік революция жағдайында дамытуға арналған. Сондықтан Елбасы Жолдауда алда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті атап көрсетті.
Елбасының Жолдауы ауданымыздың «Нұр Отан» партиясының мүшелерін де жаңа істерге жігерлендіреді. Ауданымыздағы 2400-ге жуық партия мүшесін біріктіріп отырған 18 бастауыш партия ұйымында қызу талқылануда. Сонымен қатар партия мүшелері және аудандық филиал қызметкерлері халық арасында түсінік жұмыстарын бастап та кетті. Ауданымыз ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын болғандықтан, Жолдаудың үшінші міндетінде айтылған «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін шаруа жасаған адамдарға кеңінен түсіндіру – біздің партия ұйымдарының басты мақсаты болып табылады.
Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, Елбасымыз көрсетіп берген 10 негізгі міндетті де еңсере алатынымызға сенімдіміз.

Ерболат БЕКМУЛДИН,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары