4.12.2017, 10:34
Қараулар: 17
ЖАС КИКБОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖАС КИКБОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Күні кеше ғана Орал қаласында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өткен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ашық жекпе-жек фестивалі өтті. Бұл фестивальге ауданымыздың намысын қорғаған 54 келі салмақ дәрежесінде Арген Хайруков 1 орынды иеленсе, 48 салмақта Елнұр Есполов 2 орынға ие болды. Арген Хайруков бірінші жекпе-жегін ұпай санымен жеңіп, финалдық жекпе-жекте қарсыласын теxникалық нокаутпен ұтты.
Қос шәкіртінің жеңісіне риза болған жаттықтырушысы Мұxаммед Құрманалиев: — Біз үшің ең бастысы — тәжірибе жинау, алда әлі жоспарларымыз көп,- дейді.
Міне, шәкірттерінің осындай биік шыңдарды бағындырулары жас та болса жаттықтырушысы Мұxаммедтің арқасы деп білеміз! ЖАРАЙСЫЗДАР, ЖАС КИКБОКСШЫЛАР!

Әсем БОЛАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар