4.12.2017, 10:27
Қараулар: 9
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

1991 жылдың 1 желтоқсан күні Тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы сайлауы өтіп, онда басым дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Ал бұл мереке Жалпақтал ауылында салтанатты түрде аталып өтті.
Елінің аманатын арқалаған Тұңғшы Президент күні тойлана бастағаннан бері бірер жылдың ішінде халықтық мерекеге айналып үлгірді. Мерекелік шарада Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин ауылдастарды мәртебелі мерекемен құттықтады.
-Бұл ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттық алауын жаққан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. сондықтан да бұл мейрамның сыры мен сипаты, халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда — Елбасының еңбегі ұшан-теңіз,-деп Елбасының Қазақстан тарихында алатын орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің жеткен жетістіктерін айтып, кәмелеттік жасқа толған жасөспірімге жеке куәлік және ауылымыздың әлеуметтік саласына үлес қосып жүрген Талғат Абуовты алғыс хатпен марапттады. Мұнан кейін Жалпақтал аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова, жастар атынан Еламан Мусин сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Салтанатты шара соңы Жалпақтал мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ