4.12.2017, 10:25
Қараулар: 32
ЖАЛПАҚТАЛДА ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ЖАЛПАҚТАЛДА ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қазталов ауданының Жалпақтал ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуден кейін 30 қараша күні пайдалануға берілді.
1964 жылдың 17 қыркүйегінде Жалпақтал ауылында құрылған №15 кәсіптік сақтандыру бөлімі сол кездері Фурманов аудандық ішкі істер бөлімінде орналасқан болатын. кейін 1985 жылы облыс, аудан басшылығымен көмегімен №15 өрт сөндіру ғимараты салынып, көшірілді.
Қазір мұнда өртке қарсы азаматтық қорғау капитаны Жарас Қаженовтың басшылығымен 11 адам еңбек етуде. 1985 жылы ашылғаннан бері күрделі жөндеу көрмей, ескіріп тозығы жеткен бұл ғимаратқа 2017 жылы республикалық бюджеттен 40 млн теңге қаражат бөлініп, бұл жұмыстарды «Батыс СтройСервис» ЖШС-гі атқарып шықты. Аудан әкімі Абат Шыныбеков өрт сөндірушілерді ғимараттың ашылу салтанатымен құттықтап, ауданда көбейген тілсіз жауды ауыздықтауда аянбай еңбек етуге шақырды. Шараға қатысқан БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызмметі бастығы, азаматтық қорғау бастығы Назарали Селимов, Жалпақтал ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Шынболат Өтешқалиев, зейнеткер, запастағы капитан Жамбыл Нұғыманов сөз сөйлеп, өрт сөндіру қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тіледі.
Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде аянбай еңбек еткен №19, №15 Қазталов, Жалпақтал өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Мардан Жұмашевты, Нұрлан Мұханбетқалиевты аудан басшысы Абат Абайұлы өзінің атынан алғыс хатпен марапаттап, жаңартылған өрт сөндіру ғимаратын аралап көрді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ