АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.11.2018


КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Күні: , 18 рет оқылды

8 қараша күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі және партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары саласында жүргізілген жұмыстар туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылдың қаңтар – қазан аралығында атқарған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов, 2018 жылға жоспарланған Казталов аудандық бюджетінің 10 айындағы орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев хабарлама жасады. Отырыста хабарламашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі кейбір мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлер айтылды. Сонымен қатар отырыста комиссия тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеу мен тәртіп пен заңдылықты қатан сақтау жағдайында тәрбиелеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету аясында семинарлар мен дөнгелек үстелдер өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстарының жәйі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялап отыру, қызметкерлер арасында құқықтық оқуларды жоспарлы түрде өткізіп отыру туралы ұсыныс айтылды..

Қайрат ЖАҚЫП


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Күні: , 12 рет оқылды

Мектептердегі тамақтану мәселесін «Нұр Отан» партиясы бақылауға алуда. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин мәлім етті. 7 қараша күні Жалпақтал ауылдық округіндегі Ғ.Молдашев орта мектебінде болған Ерболат Мұратқалиұлы «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасын әзірленгендігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар мектеп асханаларын ұзақ мерзімге сенімдік басқаруға беру қажеттігі мәселесі туралы айта келіп, ол: — Жаңа бастамашы партиялық жоба сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру, азық-түлікті сақтау үшін қажетті жағдайлар құру және мектеп асханаларында және дәмханаларында пайдалы тамақ әзірлеу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған, – деген ойымен бөлісті.

Қайрат ЖАҚЫП


ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Күні: , 16 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы ауданымыздағы құрылыс нысандары бойынша партияның бақылау жұмысын ұйымдастырып, үйлестіруде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес құрылыс нысандарың жұмысына және сапасына қоғамдық бақылау жүйесін құруда бірқатар нәтижелі шараларды жүзеге асырып келеді. Соның бір айғағындай аудандық мәслихат депутатары мен партиялық бақылау комиссия мүшелері 7 қараша күні Жалпақтал ауылында салынып жатырған 12 пәтерлік үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Эврика» ЖШС жүргізіп жатырған бұл нысанның құрылысы таяу уақытта аяқталып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілмек. «Нұр Отан» партясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин бастаған комиссия мүшелері тұрғын үйді аралап көріп, құрылыс жұмыстарындағы кейбір түйіткілдерге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП


Эфирлік сандық телевизия немесе Мемлекеттік хабар тартудың жаңа стандарты

Күні: , 8 рет оқылды

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрлық эфирлік Телерадио хабарларын тарату бағдарламасын жүзеге асыру қолға алына бастады. Цифрлық эфирлік көшу әкімшілік-аймақтық бірлік мерзіміне сәйкес, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Жарлығы бойынша № 262 13.06.2008 ж. қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерінен кезең-кезеңмен ажырату арқылы іске асырылмақ. Айта кету керек, сандық телевизияға ауысу – халықаралық «Женева 2006» халықаралық келісімі аясында жүзеге асқалы отыр. Мемлекеттік бағдарламаны атқарушы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ болып табылады. Жобаның негізгі мақсаттары: — қала және елді-мекен тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту арқылы телеарналар санын көбейту. Осылайша ақпаратқа қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр. — ҚР аймағында отандық телеарналарды көру аясын кеңейтудің негізінде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру. — ҚР жалпы телеконтент нарығында отандық телеарналардың хабар тарату үлесін көбейту. — тұрғындарға және телеарналарға қызмет көрсетудің, сондай-ақ бейне және дыбыс сапасын халықаралық талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Бағдарлама нәтижесінде Қазақстан Респубикасы тұрғындарының 99,8%  көпбағдарламалы телехабар таратудың жоғары сапалы цифрлық желісіне тегін қол жеткізетін болады. Осыған дейін хабар таратудың ұқсас желілерінде ел тұрғындарының жартысы орта есеппен 5 телеарнаны ғана көрген болса, эфирлік сандық хабар тарату бағдарламасын іске асыру барысында қабылданатын каналдар саны айтарлықтай артады. Мұндағы басты факторлардың бірі  Қазақстан ТРК облыстық хабар тарату желісінің жұмыс жағдайын барынша жақсарту болмақ. Цифрлық хабар тарату негізінде облыс орталықтары 30-ға тарта телеарнаны көру мүмкіндігіне ие болса, ал қамту аймағы шегіндегі елді мекендер 15 телеарнаны тамашалайтын болады. Көрермен үшін бұл бейне және дыбыстың жаңа сапасы болмақ. Айталық, ұқсас желілерде хабар алу кезінде болатын артық дыбыстар мен кедергілерге жол берілмейді. Цифрлық хабар таратудың артықшылықтары мұнымен шектелмейді. Олай дейтініміз, ерекшелігі басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде (қазақ, орыс) тілдерінде жасалған, хабарлардың электронды бағдарламасы, көрерменді жаңалықтармен, өзгерістер және профилактикалық жұмыстар туралы тв-пошта арқылы теледидар экранына хабарлама жіберілетін болады. Эфирлік цифрлық телевизияның басымдықтарына тоқтала кетсек.  Мәселен, жалпыға бірдей қолжетімді каналдардың бірінші және екінші мультиплекс бойынша абоненттік төлем алынбайды. Тұрғындардың телеэкранында көмескілік мүлдем болмайды, сонымен қатар көрсету сапасы жоғары телеканалдарға жеке пакет алу мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса дәстүрлі телевизияда таңсық саналатын ақпараттық қызмет түрлері іске қосылады, төтенше жағдайлар туралы хабардар ету және тағы басқа. Қарапайым теледидарды DVB-T2/MPEG-4 форматтағы цифрлық құрылғыға және дециметрлік диапозонды антеннаға жалғау арқылы цифрлік эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға болады. Хабар таратудың ұқсас желілері сияқты цифрлық эфирлік телевизия жалпыға бірдей қолжетімді, тегін әрі қосылуы қарапайым болғанымен бейне және дыбысты өте жоғары сапада ұсынатын болады. Эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісінің айрықша басымдықтарының бірі – жиілік ресурстарын тиімді пайдалану арқылы көрсетілетін арналардың санын көбейту болып табылады. Бір жиіліктегі сәйкес бағдарламаның орнына 15 цифрлық арналар топтамасының толық пакет (мультиплекстер) ұсынылады. Сонымен қатар эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісі негізінде әзірге «аналог» жоқ саналатын (телегид, телетекст, субтитр және т.б.) сияқты электронды қызметтер қатарын ұсыну ұйғарылып отыр. Бұған қосымша телехабар таратуды сапалы дамыту мақсатында (HDTV-жоғарғы сападағы телевизия, интерактивті ТВ және т.б.) жаңа мүмкіндіктерді қолға алу көзделуде. Бір сәтке отандық телевизия тарихына тоқтала кетсек, 1958 жылдың 8 наурызында негізі қаланған Қазақ телевизиясы 1992 жылы «Қазақ ССР Мемлекеттік телерадиосы», «Қазақстан» Мемлекеттік телерадиокомпаниясы, деп қайта ұйымдастырылды, ал, 1995 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы болып ресми аталды. Тәуелсіз Қазақстанға жаңа ақпараттық кеңістік қажет болды. Тәуелсіздікпен бірге жаңа агенттік «Хабар» құрылды. 1997 жылы Хабар тәулігіне 14 сағат хабар тартудың мүмкіндігіне қол жеткізді. Десек те, қазіргі заманның көрермені үшін дәстүрлі телеарнаның хабар тарату мүмкіндігі жеткіліксіз болып отыр. Кабелді және жерсеріктік хабар тарату желісінің дәстүрлі телеарнамен салыстырғанда аясы кең, мүмкіндіктері шектеусіз екені анық. Кабелді телевизия технологиясының мәнісі көрерменді сапалы жиілікпен қамтамасыз етуінде болып отыр. 90-шы жылдардың орта шенінде кабелді телевизияның локальді бренді саналатын «Алма-ТВ», «Секател» және «Қазорталық ТВ» Алматы мен Астана және Қарағанды шаһарына аяқ басты. Дәл осы жылы жерсеріктік хабар тарату желісі —  «Жарық» құрылып, елді-мекендердің тұрғындары «Қазахстан» телеарнасын көре бастады. 1995 ұлттық хабар тарату жерсеріктік хабар таратуға ауыстыру туралы жарлық шықты. Қазақ елі экватор үстінде қалықтаған ғарыштық жерсерік белгілерін алу мүмкіндігіне ие болды. Пираттық хабар тарату контентін қадағалауға индустрия сол кезде қауқарсыз еді. Ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төніп, арзанқол және ұрлықы контент локальді брендпен бәсекелестікке сай бола алмады. 2012 жылы Қазақстан аналогты желіден сандық хабар таратуға ауысты. Осы уақыт аралығына дейін еліміздегі телекөрермендер саны 2, 3 миллионға жетті. 2018 жылдан бастап, Қазақстанда эфирлік сандық хабар тарату кезең-кезеңмен жүзеге асыру арқылы аналогты хабар таратудан түбегейлі бас тарту жоспарланып отыр. Теле және радио арналар цифрлық эфирлік хабар тарату желісінде телерадиокомпаниялар мен телехабар тарату операторлары арасындағы келісімге сәйкес қызмет көрсететін болады. Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуға көшу мерзімдері кезеңмен жүргізілетін болады. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтылады. Ал алдағы жылдары Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары да жоспарда бар. Бұдан кейінгі кезең бойынша Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалаларын қамту көзделіп отыр. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, цифрлық хабар тарату — телекоммуникациялық қызмет түрлеріне жол ашу арқылы жиілік спекторын үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Отандық телеарналарды цифрлық сапа көмегімен эфирлік телехабар таратудың сандық желісі бойынша облыс орталықтарының тұрғындары 30 телеарнаны цифрлық сапада көреді, ал елді-мекендердің тұрғындары цифрлық сападағы 15 телеарнаға абоненттік төлемсіз қол жеткізетін болады. 2019 жылға дейін бағдарлама бойынша цифрлық жүйемен ел тұрғындарының 95% қамту жоспарланып отыр. Қалай десек те, отандық телевизия саласының заман талабына сай ұқсас хабар тарату жиілігін толықтыру немесе хабар таратудың цифрлық жүйесімен толықтай алмастыру – уақыт талабы.      

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ БОСТАНДЫҚТА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Күні: , 10 рет оқылды

7 қараша күні Бостандық ауылдық мәдениет үйінде Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі орталығының қызметкерлері «Қадыр жолы – дала дидары» атты көшпелі концерттік бағдарламасын ұсынды. Қадыр Мырза Әлі орталығы туралы бейнекөрсетілім көрсетілсе, философ ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалды. Ал осы концерттік бағдарламада орталықтың мәдениет қызметкерлері, айтыс ақындары Талғат Мықи мен Орынбек Меңдіғұлов айтысып, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Алдағы уақытта осы орталықтың мәдениет қызметкерлері ауылдарға жиі шығып, өрісті малға толтырып, елдің байлығын еселеп жатқан ауыл адамдарына осындай мазмұнды бағдарламаларын жиі ұсынса деген көрермендердің де тілектерін естідік. Сонымен қатар жерлесіміз әнші Нұржан Тасболатов туған ауылын өзінің асқақ әнімен бір сусындатып кеткенін де айтқанымыз жөн. Бостандықтық көрермендер атынан ауылдық округ әкімі Манарбек Сүндетов келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


АРДАГЕРЛЕР САРЫӨЗЕН ЖАҒАСЫНДА БАСҚОСТЫ

Күні: , 10 рет оқылды

7 қараша күні Бостандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Бостандық бастауыш ардагерлер ұйымының іс-тәжірибесіне арналған «Бастауыш ұйымдар – ардагерлер қозғалысының негізгі тірегі» атты көшпелі семинар-кеңес оздырылды. Семинар кеңеске ауылдық округ әкімдері мен бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары қатысты. Семинарға қатысушылар қоғам қайраткері Қабира Салықованың бюстіне гүлшоқтарын қойып, мектептің музейін аралап, жәдігерлер тарихымен танысты. Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы сөз алып, — Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында келер жылы «Жастар жылы» деп жариялап, осыған орай ауданымыздың жастары өз жобаларын ұсынып отыр. Осы отырған «Асыл әжелер» ансамблі күні кеше Елордамыз Астананың 20 жылдығына және Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына өз үлстерін қосу мақсатында Астана қаласына барып, еліміздің сәлемін, дәмін апарып, бағдарламаларын ұсынып қайтты, — деді. Семинарда Бостандық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбай Жапақов ардагерлер ұйымының жыл ішінде атқарылған жұмыстарының есебін хабарлады. Атап айтар болсақ, ауылда 192 ардагерлер тізімде тұрса, соның 28-і бастауыш ардагерлер ұйымына мүше. Осы ұйым мүшелерімен ауылда қиындық келтірген мәселелерді шешу жолында жұмыстанып келеді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығында құрылған «Асыл әжелер» ансамблі түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрініп, ауыл жастарына өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, түрлі тәрбиелік маңызы зор кездесулер өткізді. Сонымен ұатар ауылда «Алтын», «Зүбаржат» тойларын тойлау да дәстүрлі түрлі жүзеге асып келеді. Өздерінің жасының үлкендігіне қарамай шаруа қожалықтарын дөңгелетіп отырған ардагерлер де бар. Олар тұрмысы төмен отбасыларға жазғы кезде жем-шөпті жеткізіп беріп, көмектерін көрсетіп келеді. Сонымен қатар ардагерлер туралы заңның болмауы, кейбір мәселелерідің шешілуіне қиындықтар келтіретінін де айтып өтті. Семинарда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов қайырымдылық айлығының қорытындысы туралы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева қоғамдық ұйымдармен атқарлып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Жалпақтал аудандық ауруханасының директоры Алмас Тоғайбайұлы мен Қазталов орталық аурухананың терапевт дәрігері Диана Хабилова ардагерлерді медицинамен қамту туралы айтып өтті. Семинарда ардагерлер ауданымызда дәрігерлер мамандарының жетіспейтіндігі, осыдан келіп емделуде қиындықтар туып отырғандығын тілге тиек етсе, іргеміздегі Еділбай сорынан шипажай ашу, ардагерлердің арнайы есеп шоты ашылса, ұзақ өмір сүру орталығы ашылса деген ұсыныстар жеткізді. Семинар соңы «Асыл әжелер» ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласып, қоңыр күздің жайма шуақ күнінде Бостандық ауылына жиналған ардагерлердің көңілдері бір көтеріліп қалды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖАСТАРМЕН ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

Күні: , 10 рет оқылды

7 қараша күні Бостандық ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аудан жастарымен жүздесті. Кездесуде әрбір ауылдық округтердің жастар ресурстық орталығының мамандары мен жастары қатысты. Кездесу барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы, -Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде дамып, бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып келеді. Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен еліміз бойынша жастарға қатысты маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жарияланып, сәтті жүргізілуде. Аудан халқының 20%-ын жастар құрайды. Яғни, 14-29 жас арасындағы жастарымыз. Күні кеше Елбасымыз өз Жолдауында келер жылды Жастар жылы деп қабылдады. Яғни, осы Жастар жылында бірқатар жобаларды жүзеге асырып, жұмыс атқаруымыз қажет, -деді. Кездесуде Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов, «Қазталов жастар кеңесі» ЖҚБ-нің төрайымы Жұлдыз Талапова, Тереңкөл ауылдық округі бойынша жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Есен Әбішев 10 айдың ішінде жастар саясатының жүзеге асырылуы жөніндегі хабарлама жасады. Жастардың атқарылған жұмыстарының хабарламасын тыңдаған аудан әкімінің орынбасары өз ұсыныстары білдірді. -Әрине, аудан жастарымыздың атқарып жатырған жұмыстарын мүлдем жоқ деуге келмес. Бірақ та біздің жастардың арасында жұмыс барысында күнделікті жұмыс жоспары қалыптаспаған. Яғни, бір жылдық жоспардан, айлық және апталық жоспар шығарсақ, өзіміздің жұмысымыз да жүйеленері сөзсіз. Бұл мақсатта жастардың арасында болашақта көшпелі шаралар ұйымдастыруды қолға алу маңыздырақ болып отыр. Осының аясында әрбір ауылдық округте отырған кеңесші мамандар Жастар жылына аудандық деңгейде өтетін жобаларын ұсынса, ұтарымыз көп болады. Сондай-ақ бұған қосымша Қазталов, Жалпақтал ауылдарында облыстық деңгейдегі жобаларды өткізуіміз керек. Бұның сыртында Тереңкөл ауылдық округіне жастарымыздың білімі мен біліктілігін және көшбасшылық қабілетін анықтайтын «Интелектуальный клуб» ашуды жоспарға еңгізу қажет, -деп біраз ұсыныстарын айта келіп, жастар кеңесшілеріне Жастар жылына жоспар жасақтауды тапсырды. Сонымен қатар ауылдық округтің жастар ресурстық орталығының мамандары мен белсенді жастар атқарылған жұмыстары жөнінде айтып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Айта кетер болсақ, Тереңкөл ауылдық округінің жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Райымбек Тілеков болашақта өз өлкеміздегі ақындардың шығармашылығын жастар арасында дамыту мақсатында Қадыр оқуларынан байқау өткізу, сондай-ақ тереңкөлдік жас ақындардың басын қосып Нығмет Нағымов атындағы ақындар клубын құруды жоспарлап отырғандарын тілге тиек етті. Жалпы кездесуде жастарымыздың көңілге қонымды тың ойлары мен жобалары бар екенін анық байқадық. Тек соларды сөз жүзінде айтып қана қоймай, іс жүзінде дәлелдесе, жастар саясатын жүзеге асыруда жастарымыздың белсенділігі ауадай қажет болары сөзсіз.

Жұлдыз АСҚАР


«ЗАМАН» ТОБЫ МЕН БЕЙБІТ КӨШҚАЛИЕВТЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ

Күні: , 8 рет оқылды

6 қараша күні аудандық мәдениет үйінде елімізге шығармашылығымен танымал «Заман» тобы мен эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев аудан халқымен өздерінің репертуарларындағы әндермен бөлісті. «Заман» тобы концерт шымылдығын «Құштармын» әнімен түріп, «Менің жолым» , «Қарақат көзің», «Өмір-өзен» сынды әндерін шырқаса, өзінің ырғақты әуендерімен қоса биімен ерекшеленетін Бейбіт Көшқалиев «Уайымдай берме», «Қайтесің өзгені», «Лаула-лаула» сынды әндерімен халық ризашылығына бөленді. Әдемі кеш сыйлаған «Заман» тобы мен Б.Көшқалиевке аудан әкімі Абат Шыныбековтің атынан алғысхаттар табысталды. «Заман» тобының әншісі Әсет Қарабалин: — Құрылғанымызға бігінгі таңда 7 жыл толып отыр. Ел аралап, шалғай ауылдарға концерт беруді жоспарға алған болатынбыз. Алғашқылардың бірі осы Қазталов ауданы. Бұл концертімізді есеп беру деп қабылдар,-десе, Б.Көшқалиев: — Біз үшін халықтың ықыласынан асқан марапат жоқ. Қазталов халқына ризамыз. Жолдың қашықтығын ескеріп, концерттің кеш басталғанына қарамай, позитивті қабылдап отыр. Бұл әнші үшін зор қуаныш, — деді. Ал бұл концертке қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев: — 2 апта бұрын әлеуметтік желіге хабарландыру беріліп, афишалар ілінген болатын. Қазақ эстрадасының жұлдыздарының ауданымызда болып, концерт беруі аудан жұртшылығын бір серпілткендей болды. Жалпы концерт ел көңілінен шықты деген ойдамын – деді өз сөзінде.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАСТАРМЕН ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ

Күні: , 18 рет оқылды

 Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова Жалпақтал ауылының белсенді жастарымен жүздесті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы мақсатта ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы белсенді жастардың пікірлері мен тілектерін тыңдады. -Мемлекетіміз жастарға қашан да ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылауда. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей-жай қарамай және еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы керек, — деді ауыл әкімі. Әр ел келешегінің кемел болуын жастармен байланыстырып, оларды «болашақтың тұтқасы» деп есептейді. Бұл ретте тәуелсіз елімізде өскелең ұрпақ игілігі үшін атқарылған жұмыстар көл-көсір екенін айтпай болмас. Бүгінде жас қазақстандықтар әлемнің кез келген еліндегі қатарласымен терезесі тең. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдылықтардың біріне айналды. Жүздесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Қабдолқызы мемлекет тарапынан жастарға әрдайым қолдаудың жасалып келе жатқанын айтты. Әсіресе, елдің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ӘКІМ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Күні: , 10 рет оқылды

Жалпақтал мәдениет үйінде аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданымыздағы ірі білім ошақтарының бірі Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттеріне Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы мектепте білім алып жатырған жоғары сыныптың оқушыларына «Жастардың білім, даму, өркендеу жолындағы міндеттері» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында Абат Абайұлы ауданымызда атқарлып жатқан игі істер жайында айтып, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер туралы баяндады. -Қайырлы күн жастар! Қазақта «Білікті бірді жығады, білімді мыңды шығады» деген сөзі бар. Білімді жастарды тəрбиелеу əрбір өркениеті дамыған елдің міндеті болып отыр. Осы орайда Елбасымыз «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарымызды шет елге оқуға мүмкіндік туғызды. Біз егерде болашақта дамыған 30 елдің қатарына енеміз десек ең алдымен саналы білім, сапалы тəрбие беруді жастардан бастауымыз қажет. Бүгінгі таңда ауданымызда білім саласында өзіндік орны бар Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде біліп алып жатырған студенттермен және қос білім ордасының жоғары сыныбының оқушыларымен кездесуді жөн санадық. Бұл тақырыптық кездесуде болашақта біз осы кəсіптік бағдарымызды қалай дамытуымыз керек, қандай мүмкіндікті пайдалануымыз керек деген көкейкесті сауалдардың шешімін бірге анықтауымыз қажет,-деді аудан басшысы. 150 тарта студенттер мен қос білім ордасының оқушылары өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Студенттер арасынан Айнұр Жарылғасова, Ихласов Нұрболат, Гүлнұр Әділ, Дильназ Бақытова, және тағы басқа да студенттер, жастар атынан Айкөркем Қанатқалиева кәсіпкерлік саланы дамытқысы келетіндерін, оның жолдары жайында, мектеп оқушылары арасында волейболдан аудан әкімінің кубогі ұйымадстырылса, ауылдарға тағы да спорттық нысандар салынса деген сауалдар тастаса, кейбір студент жастар кімнен үлгі аласыз және кімді үлгі тұтасыз деген сұрақтарын қойды. Абат Абайұлы әрбір қойылған сауалдарына тұшымды жауап бере отырып, өзінің әкесін үлгі тұтатынын, әкесінен көп нәрсені үйренгенін әңгіме етті. Бүгінде еліміздің студенттеріне алаңсыз білім алып, болашақта білікті маман болуына бар жағдай жасалған. Осыны ескерген Абат Шыныбеков Елбасының үшінші жаңғыру бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің іске асуы жастарға тікелей байланысты екенін айтты. -Жаңғыруды қалай түсінеміз? Әр азаматтың санасын жаңғырту арқылы өз ісіне, туған жеріне жауапкершілігін арттыруы қажет. Рухани жаңғыруды баршамыз қолдап, ондағы бағыттарға кіріссек, тұрмысымыз жақсарады. Болашақ — жастардың қолында. Қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаңғыртуға бағытталған бұл бағдарлама ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуына үндейді. Бұл ретте бірегейлігімізді, ұлттық құндылықтарымызды, ата дәстүрмізді сақтауға тиіспіз. Бүгінде биіктерді бағындыру үшін талант аздық етеді. Еңбек арқылы қоғамда көп жетістікке жетуімізге болады. Өз жетістіктерімізбен елімізге үлкен үлес қосай ық. Адам еңбекқор болса ғана өз арманына жетеді. Өскелең ұрпақ жаңалық пен білімге құштар, ұлтқа жанашыр, адамгершілікке жақын, досқа адал, шаруаға мығым болса, тәуелсіз елдің де ұпайы түгел болады,-деп түйіндеді сөзін.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.