АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 07.11.2018


«ҒАСЫРЛАР ТОЛҒАУЫН ТЕРБЕТКЕН, ЖАСАЙ БЕР, АЛМА МЕКТЕБІ!»

Күні: , 12 рет оқылды

А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 150 жылдығына арналған «Ғасырлар толғауын тербеткен, жасай бер, Алма мектебі!» тақырыбындағы мерекелік шара өтті. Мерекелік шара мектеп түлегі Асыланбек Губашевтың мектептің 150 жылдығына арналған деректі фильмі көрсетілуімен бастау алды. А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков, Батыс Қазақстан облысы педагог кадрлардың кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін жеткізді. Алыстан сағынышқа толы арнайы құттықтаулардың саны толассыз еді.. Желі есіліп жеткен жеделхаттың бірі – мектеп түлегі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қабиболла Жақыповтың жеделхаты болды. «Елім» деп соққан жүректеріне сағыныш сазын сыйдыра білген шақырулы қонақтар атынан Қазақстан Мемлекеттік банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының орталық комитетінің төрағасы Мирболат Жақыпов, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Досқазы Сүйінішев, мектеп түлегі Эрнст Сарсекеновтер құттықтау сөз сөйледі. А. Оразбаева атындағы мектептен білім алған түлектер қазіргі кезде сан түрлі салаларда қызмет атқаруда.Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысы бойынша тілшісі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Темір Құсайнов, Ұлттық ақпараттандыру орталығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Альмира Ізбасарқызы, мектеп түлегі, Орал қаласындағы №36 М.Ихсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Азима Губашевалар әр жылғы түлектер атынан құттықтау сөз сөйлеп, мектепке өз сыйларын тарту етті. Алтын ұя мектебін осыдан 50 жыл бұрын бітіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген, жүректерінде туған елге, оқыған мектебіне деген сүйіспеншілігін арқалап келген ел азаматтары да осындай ауқымды шара ұйымдастырып жатырған мектеп ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Бүгінгі күні мектепте абыройлы қызмет етіп жүрген мектеп басшысы Алия Гусманова: — Бұл күнде мектептің 150 жылдығына арналған іс-шаралар арнайы жоспар бойынша жыл бойына ұйымдастырылды.А.Оразбаеваның 120 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, ардагер ұстаздарды ұлықтау кештерін атап айтуға болады. Бұл шараларға мектеп оқушылары, мектеп түлектері, мұғалімдер, ата-аналар, аудан тұрғындары, облыс көлеміндегі ғалымдар мен музей қызметкерлері тартылды. Мектебімізде 81 педагог, жоғары санатты-14, І санатты-29, ІІ санатты-28, жаңартылған білім беру мазмұны курсымен-42, 4-мектеп тренері, 5-үштілділік курспен қамтылған мұғалімдер қызмет етеді. Мектептің негізгі бағыты-бірлескен оқу ортасын құру, табысты оқыта отырып, құзыретті тұлға қалыптастыру. Сол үшін де еңбектеніп келеміз. Тарихы тереңге жайылған мектеп ұжымының жұмысы алға басады деп сіздерді сендіргім келеді. Әлі де алға қарыштап дамимыз деген ойдамын. Бүгінгі ауқымды шараға қатысып отырғандарыңызға мың да бір алғыс. Келгендеріңізге рахмет. Мереке құтты болсын, ағайын!, — деп мерейтойдың қорытынды сөзін сөйледі. Мерекелік шара барысында әннен шашу шашылып, әдемі би арқылы көріністер көрсетілді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.