АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.08.2018


ТАМЫЗ МӘСЛИХАТЫ ТЫҢ ЖОСПАРЛАРДЫ ЖҮКТЕДІ

Күні: , 72 рет оқылды

27 тамыз күні Қазталов ауданында жыл сайын дәстүрге айналған мұғалімдердің тамыз конференциясы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өтті. Бұл конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова арнайы келген болатын. Конференция басталмас бұрын облыс әкімінің орынбасары аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығында орналасқан «Рухани жаңғыру» кеңсесіне соғып, ауданымызда бұл бағыттағы атқарылып жатырған жұмыстармен танысты. Бұдан соң Ғабидолла Абдоллаұлы тамыз конференциясы өтіп жатырған аудандық мәдениет үйінде орналасқан көрмені тамашалап, білім саласындағы жетістіктерді өз көзімен көрді. Әсіресе, 150 жылдық тарихы бар Алма Оразбаев атындағы орта мектебі, үздік мектептер қатарынан қалмай жүрген Кенжебек Меңдәлиев атындағы орта мектебі, Ғұмар Қараш атындағы мектеп-гиназиясы, Бірік орта мектебінің бүгінгі тынысы туралы мектеп директорлары әңгімелеп берді. Көрмеде балалар туризм орталығы және Жалпақтал өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларының қолынан шыққан зергерлік туындыларды көрген облыс әкімінің орынбасары ризашылығын білдірді. Ал бау-бақша дақылдарын егіп, жемісін көріп отырған Бостандық орта мектебі мен Қайыңды балалар жазғы лагерінің өнімдерімен танысқан Ғабидолла Абдоллаұлы бұндай нәтижелі жұмыстарды болашақта да жалғастырып, көлемін ұлғайтуды тапсырды. Ғабидолла Абдоллаұлының көрмеде басыты назарға алғаны роботтық техника болды. Конференцияның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков барша жиналған ұстаздар қауымын басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференцияда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов,- Осындай тамыз конференциялары Астана мен облыс орталығы Орал қаласында да өтті. Енді, міне бүгін Қазталов аудан орталығында өтіп жатыр. Қазіргі күнде тамыз конференциясының өту форматы да өзгерді. Бұл жаңашылдық — конференцияның тақырыбында айтылып тұрғандай адами капиталды арттыру, яғни Қазақстаннның экономикасы шикізатқа ғана тәуелді болмай, білім мен ғылымның нәтижесіне сүйенуіміз керек. Сол үшін терең ойлайтын, білімді ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан цифрландыруды бағытындағы жұмыстарды күшейту, роботтық техиканы жетілдіру, үш тілділікті оқыту, Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» жаңғыру бағдарламасында көрсетілген бағыттарды ұстанып, балаларды рухани бағытта тәрбиелеу болып табылады. Бізідің алдымызда еліміздің дамуы үшін білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігі тұр,- деді. Конференцияда сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков 2018-2019 оқу жылындағы ауданның білім саласын дамытуға арналған он басымдылықты қолдануды ұсынды. Кеңінен тоқталсақ: Бірінші: Мектептердегі Білім сапасының деңгейін одан әрі дамыту. Екінші: Аудан мектептері арасындағы бүгінгі мемлекеттік бағдарламаның барлық критерийлеріне сәйкес келетін көшбасшылық мектептер негізін қалыптастыру. Үшінші: Аудан мектептерінің кадрлық нығаюына барынша күш салу. Төртінші: Оқушылардың өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерін кеңінен ашу. Бесінші: Балалар тәрбие орталығы базасында технопарк жүйесін ашу. Алтыншы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың өлкетану қөзқарасы мен көкжиегін кеңейту шараларын алу, Жетінші: Мектеп-оқушы-ата-ана «үштігі» аясында жүргізілетін жұмыстарда қамқоршылық кеңестерінің, ардагер ұстаздардың потенциалын кеңінен пайдалану. Сегізінші: Оқушылардың қосымша білім жүйесін қамтылу шекарасына ауданның барлық мектептерін кеңінен тарту, Тоғызыншы: Аудан мектептерін біртіндеп қаржыландыруға көшіру. Оныншы: Аудан мектептеріндегі «Әкім сағаты» шараларын жүйелі жүргізу, балалардың демалыс сапасын көтеру, еңбекке баулу жұмыстарын жобалық менеджментпен байланыстыра жүргізу. Сонымен қатар конфренцияда сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова облысымыз бойынша білім саласында атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндаса, «Ашық алаң» спикерлері «Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы цифрландыру жобалары» тақырыбында облыстық білім басқармасының ақпараттандыру орталығының бас маманы Саягүл Әліпбаева, «Бала тұлғасын қалыптастырудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Құралай Шамұратова, «Бәсекелестік білім беру – оқушылардың болашақтағы табысының басты факторы» тақырыбында Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Мәншүк Жексенова, «Орта білім беруді жаңарту жағдайында үш тілде білім беруді әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ләззат Есекенова, «Қосымша білім беру – жаңалық жаршысы» тақырыбында аудандық балалар тәрбие орталығының директоры Нұрлан Жасқалиевтер хабарламалар жасады. Конференция барысында жас мамандар «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас мамандар» атты тақырыпта өз ойларын ортағы салды. Конфренция соңында бір топ ұстаздарға Қазақстан Республикасының «Алғысхаты», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі» белгісі, 2017-2018 оқу жылында өз шығармашылық еңбегімен көрініп, пән бойынша үздік жетістіктер көрсеткені үшін қаржылай сертификат, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы» және аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлескен номинациялар табыс етілді.

Қайрат ЖАҚЫП


«БИЛЕР КЕҢЕСІН» ЖАҢҒЫРТУМЕН ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛАРЫМЫЗ ХАҚ!

Күні: , 102 рет оқылды

25 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы сотының судьясы Есенбай Боранбаевтың қатысуымен Қазталов ауданының билер кеңесімен жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков күні бүгінде ауданымыз бойынша 16 ауылдық округте 61 адамнан тұратын билер кеңесі құрылғандығы туралы айтып өтсе, облыстық сот судьясы қазақ елінің мемлекеттік билігінде билер соты ерекше орын алатыны жөнінде сөз қозғады. Билер кеңесінің бастаулары ғұн, үйсін дәуірлеріне барып тіреледі. Ал қазақ хандығы құрылғаннан кейін, көптеген ғалымдар мойындап жүргендей, Тәуке хан тұсында билер кеңесі, өзінің дамуының шыңырау шегіне жеткендей болған. Билер кеңесі осы кезеңде дараланып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешетін органға айналды. Бұндай орган осы күн үшін де артық етпес еді. Егер бабалар ізімен билер кеңесін жаңғырта алсақ, ұлттық тәрбие, тәртіп, ағайынның ауызбіршілігі, тағы басқа салаларда өзгелерге үлгі боларымыз хақ, -деді Е.Боранбаев. Жиынға қатысқан билер кеңесінің мүшелері билер кеңесінің жұмыс істеу форматын айқындап алу, жүгінетін мәселе бойынша шешім қалай қабылдау қажеттігі жөнінде, медациядан ажыратып тұратын айқын белгілері болуы және тағы басқа да мәселелер жөнінде сөз етіп, жаңадан құрылып жатқан билер кеңесі туралы ой-пікірлерін ортаға салып, түрлі ұсыныстар білдірді .

Гүлнұр ҚАЗБЕК


САУДАСЫ ҚЫЗҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Күні: , 58 рет оқылды

Жалпақтал ауылының орталығы — мәдениет үйінің алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Жалпақтал, Жаңажол, Қараөзен, Көктерек, Ақпәтер ауылдық округтерінің кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары қатысты. Жаз айының шілдесінен бастап ұйымдастырылып отырған ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жалпақтал жұртшылығы ерекше ықылас танытты. Таңертеңнен жәрмеңке маңына жиналған халық тарқамады. Әсіресе, тұрғындар ауылдан келген өнімдерді әп-сәтте алып кетті. Жәрмеңкеге қатысқан округтердің кәсіптерін дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтар қауыны мен қарбызын, құрты мен қаймағы, майы, қияры мен қызанағы, алмұрт пен қуырдақ осы жәрмеңкеден табылып жатты. Тіпті кейбір округтер қоян мен қаздың да саудасы осы жәрмеңкеде болды. Ал шаруа қожалықтары бір рулон мал азығының бағасы 2500-3000 теңгеден сатылды. Келген шаруалардың саудасы жақсы жүрді. Таң сәріден басталған жәрмеңкеге келген шаруалардың біразы түске дейін алып келген өнімдерінің біразын өткізіп үлгерді. -Шілде айында басталған бұл жәрмеңке өз деңгейінді ұйымдастырылып отыр. Жалпы бүгінгі шараға Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол, Ақпәтер, Көктерек ауылдық округтерінің кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары қатысуда. Жәрмеңке болған соң бағалары көңілге қонымды. Жәрмеңке әр сенбі сайын өткізіліп келеді. Мұндай жәрмеңкені өткізу халық үшін өте пайдалы,-дейді Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Мұқасұлы. Төмен бағамен азық-түлік алған халық жәрмеңкеге дән риза болды. Шара тұтынушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, Жалпақтал мәдениет үйінің үйінің ұжымы концерттік бағдарламалары, жастары лоторея билеттерін ұйымдастырды.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


ЕЛДЕР БІРЛІГІ – ХАЛЫҚТАР ЫРЫСЫ

Күні: , 88 рет оқылды

«Ресей мен Қазақстан қатынасы ықылым замандардан бері барлық бағытта да әріптестік, тату көршілік, достық тұрғысында дамыды. Тәуелсіздігіміздің жылдарында біз осы ұстанымда болдық. Біз Еуразиялық экономикалық одақты болашақты көру үшін құрдық» -деген еді Елбасымыз бір сөзінде. Елбасымыздың сөзінің жаны бар екеніне Қазталов ауданы мен Ресейдің Саратов облысы Александров-Гай аудандары арасындағы тығыз экономикалық, мәдени және рухани байланысты атап айтуға болады. Небәрі 45 шақырым қашықтықта орналасқан және қазақ ұлты тұрғылықты халықтың 70 пайызын құрайтын көршілерімізбен бұл байланыстың арасына сызат түсіп көрген емес. 24 тамыз күні Саратов облысының Александров-Гай ауданының қайта құрылғанына 45 жыл толуына орай өткен мерекелік шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков бастаған делегация қатысып қайтты. Бұдан бір күн бұрын Астана қаласының 20 жылдығы мен Александров-Гай ауданының қайта құрылғанына 45 жыл толуына орай велошабандоздардың экпедициясы аттанып кеткен болатын. Жалпы қиындығы 1-ші санаттағы және 250 шақырым қашықтықты құрайтын велоэкпедиция Новоузенск ауданына дейін жетіп, ат басын Александров-Гай ауданы орталығына тіреді. Ресей жерінде мерекелік шараладың басы аудан орталығындағы № 3-ші орта мектептің ауласында жаңадан салынған әмбебап спорт алаңының ашылуымен басталды. Спорт алаңының ашылу салтанатына жиналған көпшілік алдында қазақ жерінен келген қонақтар таныстырылып, велоэкспедиция мүшелеріне аудан басшысы Сергей Федечкин алғысын білдірді. Мерекелік шара орталық саябақта жалғасын тауып, Александров-Гай ауданының тарихы мен бүгінгі тынысын баяндайтын фото көрмесіне ұласты. Бұл мерекелік шараға Қазталов аудандық балалар тәрбие орталығы оқушылардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесін де алып барған болатын. Көршілерімізге көрмені таныстырған аудан басшысы тойға келген Саратов облысы басшысының орынбасары Алексей Стрельниковке қойдың жамбас сүйегінен жасалған естелік сыйлықты тарту етті. Біздің көрмедегі экспонаттардың әдемілігі және қарапайым ғана материалдарды қолдануымен жасалғандығына таң қалған Саратов облысы басшысының орынбасары ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді. Орталық алаңға келген қонақтарды тосаптар (варенье) фестивалі қарсы алды. Тосаптар фестивалінде жеміс-жидектердің сан алуан түрінен жасалған тәттілер көздің жауын алады. Фестивальдің бір ерекшелігі келген қонақтар тәтті тосаптардан дәм татпай, шәй ішпей кетпейтіндігі. Біздің де ауданнан келген делегация мүшелеріне де тосаптардан дәм ұсынылды. Мерекелік шараның қызған шағын орталық алаңда «Из века в век, за годом год…» атты театрландырылған қойылымнан байқадық. Алексанров-Гай ауданының тарихын сонау ХVIII ғасырдан бастап бейнелейтін көріністе сол кездегі елеулі оқиғалар жақсы сомдалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қойылымнан кейін сөз алған Саратов облысы басшысының орынбасары Алексей Стрельников, Александров-Гай ауданның басшысы Сергей Федечкиндер аудан күнімен барша тұрғындарды құттықтаса, Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков,- Қазақ елі мен Ресей арасындағы байланыс ежелден басталады. Тарихи-мәдени байланыс жағынан да, бүгінгі таңда экономикалық тұрғыдан алғанда да Қазақстан үшін Ресейдің орны бөлек. Неге десеңіз, іргелес жатқан елдер болғандықтан, экономикалық даму үрдісі де, қоғамның дамуы да бір-біріне оң ықпал етері сөзсіз. Екі ел арасындағы байланыстың дами түсуі бәрімізге де тиімді болмақ. Қазталов ауданының халқы атынан бүгінгі тойланып жатырған аудан күнімен шын жүректен құттықтаймын!- деген тілегін жеткізіп, Александров-Гай ауданының басшысы Сергей Анатольевичке алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті. Сонымен қатар мерекелік шарада келген қонақтар саябақ төрінен орын алған аллеяда талдар ексе, шараның соңы спорттық ойындар мен концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламада Саратов облысының көршілес Питерск, Новоузенск аудандары мен қатар Қазталов ауданының көркемөнерпаздары да өз өнерлерін ортаға салды. Бірілігі мен татулығы жарасқан, дос десе құшағын айқара ашқан көрші елдің тойынан ұмытылмас әсер алып, қимай қоштастық.                         Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.