АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 27.08.2018


БИЛЕР КЕҢЕСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Күні: , 46 рет оқылды

23 шілде күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбековпен бірлескен Қазталов ауылдық округінен сайланған билер кеңесінің кездесуі өтті. Кездесуге билер кеңесімен қоса қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде баяндама жасаған Қазталов аудандық сотының төрағасы: — Қазіргі кезде Билер кеңесі БҚО барлық аудандарында және Ақтөбе облысының бірқатар ауылдық округтарында жұмыс істеуде. «Билер кеңесін» белгілі бір мерзімге, мысалы 1 жыл мерзімге сайлауға, немесе тұрақты түрде сайлауға болады.Билер кеңесі сол ауылдық округ тұрғындарының, екі адам арасындағы дауларын, отбасын сақтап қалу мәселелерін қарап, азаматтық даулар, қылмыстар бойынша істерді сотқа жеткізбей тараптарды татуластыруға, бітімге келтіруге және басқа да сұрақтарды шешіп отыруға септігін тигезір еді деген ойдамын. Бабалар ізімен билер кеңесін жаңғырта алсақ, ұлттық тәрбие, тәртіп, ағайынның ауызбіршілігі, т.б. салаларда өзгелерге үлгі боларымыз хақ, — деді өз сөзінде. Кездесу барысында билер кеңесінің маңыздылығы мен атқарылатын қызметтері жөнінде кеңнен айтылып, қойылған сауалдарға тиісті тарап өкілдерінен жауап қайтарылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЕЛ АНАСЫ АСЫЛҒАНЫМ БЕКЖАНОВА – 90 ЖАСТА

Күні: , 52 рет оқылды

23 тамыз күні Бірік ауылдық округінің әкімі Батырхан Байғонақов тыл және еңбек ардагері, ауыл шаруашылық саласында аянбай қызмет еткен ардақты ана Асылғаным Әбілқайырқызы Бекжанованы қабылдап, 90-ға толған мерейлі жасымен құттықтады. Қабылдауда округ әкімі абыз анаға ізгі тілегін білдіріп, ықылас көрсетті. — Өзіңіздей ақылы кемел, аузы дуалы елдің анасы арамызда аман жүргені – бізге үлкен мәртебе. Сіздің өміріңіз кейінгі жастарға үлгі-өнеге, олар ойын да, бойын да сіздерге қарап түзеуі керек. Жасыңыз жүзге жетсін, алдымызда ақылшы абыз анамыз болып аман жүріңіз!- деген тілегін жеткізіп, алғысхат табыстаса, округтегі қоғамдық ұйым өкілдері анамызға комзол кигізіп, ақ жаулық тарту етті. Сонымен қатар, қабылдауға арнайы келген аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина өз атынан және аудандық ардагерлер кеңесі атынан құттықтау тілегін жеткізіп алғысхат пен естелік сыйлығын ұсынды. Асылғаным Әбілқайырқызы – жастайынан еңбекке араласып, жолдасы Еслямғали екеуі жылқы өсіруде аянбай еңбек еткен. Сол заманның бейнетіне төзіп, ауыл шаруашылық саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ана тәрбиелеп өсірген 3 ұл, 3 қызынан тараған ұрпақтарының арасында бақуатты ғұмыр кешуде. Осындай құрметке риза болған ел анасы,- Маған деген ақ пейілдеріңе разымын. Азаматтар аман болсын, ел аман болсын! — деп аналық ақ батасын берді.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.