АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 22.08.2018


МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 56 рет оқылды

Қасиетті құрбан айт мерекесін Бірік ауылдық округі атап өтті. Ауылдың азаматы Қобылан Хайыровтың «Жәнібек» шаруа қожалығының атынан ірі қара мал сойылып, еті көп балалы аналарға, мүгедек жандарға, жағдайы төмен отбасыларға таратты. және ауылымыздың үлкендеріне арналған дастарханға көмек көрсеткен «Қызылту», «Қайрат», «Талпын» шаруа қожалықтарының жетекшілері Достық Жұрасов, Әділхан Зайнұшев, Қуаныш Мұқашев сынды азаматтар өздерінің мейрамханасын ұсынып, қой беріп, ас мәзіріне қаржылай көмектерін көрсетті. Осы орайда жастар арасында да шағын футбол ұйымдастырылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Күні: , 66 рет оқылды

Құрбан айт ұлық мерекесі құрметінің алғашқы күніне орай Жалпақтал мәдениет үйінің алаңында спорттық шаралар оздырылады. Бұл шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы келіп, жалпақталдық ағайындарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық тіледі. – Құрбан айт – адамгершілік құндылықтарды қадірлеп, төзімділікті уағыздайтын ізгілік мерекесі. Құрбан айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Ұлық мереке мүбәрак болып, қашанда еңсеміз биік, татулығымыз баянды болсын! – деді аудан басшысы. Алаңда ауыл тұрғындары қазақша күрес, білектесу, асық ату, арқан тарту секілді спорттық ойындардың куә болды. Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұралиев барша жұртшылықты қасиетті ұлық мерекемен құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, мәдениет үйінің алаңында тігілген киіз үйде ақ дастархан басында ауыл ақсақалдарымен кездесіп Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Қасиетті айт күндері барша мұсылман қауымы ізгілікті амалдар жасауға асығады. Әр бір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. — Бүгінгі «Құрбан айт – мерекесі» діні мен ұлтына бөлінбестен, барша Отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, бір-біріне мейірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мереке.Ұлық мереке құтты болсын, құрметті ағайын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін. Құрбан айт мүбәрак болсын,- деді аудан басшысы Абат Абайұлы. Аудан әкімі ардагерлерді жастарды мәдени және моральдық-өнегелік тәрбиелеу ісіне атсалысуға, ұлттық әдет-ғұрып пен дәстүрлерімізді насихаттауға шақырды. Мерекелік дастархан басында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұралиев ұсыныс пікірлерін айтып, ақжарма тілектерін жеткізді. Жиын соңында Тілепберген қажы ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, береке бірлік тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 210 рет оқылды

Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Халимуллин жалпақталдықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. 21 тамыз күні ауыл әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Халимуллин Жалпақтал мешітінде болып, мерекелік іс-шараларға қатысып, жамағатпен кездесті. Меңдіхан Мұқасұлы жамағатқа арналған құттықтау сөзінде исламның бірлік пен келісім діні екенін атап өтті. Ал Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұралиев Құрбан айттың ерекшелігіне тоқталып, бұл күндері шамасы келген әр азамат құрбандық шалады. Құрбандыққа жылқыдан басқасының бәрін — қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалуға болады. Ауру, соқыр мал сойылмайды. Намаздан соң, мұсылман қауымы құрбандық шалуға кірісті. Оразадан кейін 70 күннен соң тойланатын Құрбан айт — мұсылмандардың ең қасиетті мейрамы болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Биылғы құрбан айттың алғашқы күнінде Жалпақтал мешітіне ағылған мұсылмандардың қатары қалың. Мұсылмандар құрбан айт мерекесін асыға күтеді. Әр жамағаттың үйінде дастархан жайылып, қонақ шақырылады. Жұрт арасында үлкен айт деп аталып кеткен мерекеде тұрғындар бір-бірін құттықтап, игі тілектерін білдіреді. Құрбан айттың бірінші күнінде мәдениет үйінің алаңында киіз үй тігіліп, спорттық шаралар оздырылатын болады.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ

Күні: , 52 рет оқылды

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған. Осыған орай Қазталов ауданы орталығындағы аудандық мешітте таңмен айт намазы оқылса, «Достық» саябағында ұлық мерекеге арналған шара оздырылды. Шараға жиналған көпшілікке Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов пен Қазталов мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов құттықтау тілектерін жеткізді. Шарада ұлттық спорт түрлері арқан тарту, қол күресі және кір тасын көтеруден сайыстар оздырылып, аудан көремөнерпаздары мен Халықтық «Гүлдерайым» әжелер ансамбілі мүшелерінің концерттік бағдарламасы қойылды. Спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытып, жүлделі орын алғанғандарға естелік сйылықтар табыс етілді. Шара соңында ауыл үлкендеріне және ауыл тұрғындарына арнайы шалынған құрбандық малдың етінен дәм татқызып, ақ дастархан жайылды. Риза болған ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар ақ баталарын беріп жатты.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Күні: , 62 рет оқылды

Бүгін барша мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі — Құрбан айт мейрамы басталды. Қазталов ауданы орталығындағы мешітте айт намазына жиналған жамағат көп болды. Жиналған ағайынға аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтау тілегін жеткізді. Ал Қазталов мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов құрбан шалудың маңыздылығы мен қалай орындалатындығы туралы түсінік бере келіп, — Біз мерекені мерекелік намаз оқудан бастаймыз. Осы мерекелік намазға әуелі жуынып, тазаланып, өзіміз жақсы көретін киімдерімізді киіп, жақсы иіс суларымызды сеуіп, мерекелік намаз оқимыз. Намаздан кейін бір-бірін құттықтайды. Құрбандық малды да намаз оқығаннан кейін ғана сою керек. Ауырып қалған кісілердің көңілін сұрап, марқұмдарға құран бағыштап, дос-жаран, ағайын-туыстың үйіне айтшылап, сыйлық жасағанымыз абзал. Өйткені сыйлық жасау адамдардың сүйіспеншілігін оятады. Сондықтан бір-бірімізді құттықтау, сыйлық жасау, жақсы тілек айту мерекенің сән-салтанатын аша түседі. Мерекеміз құтты болсын! — деді. Жиналған көпшілік айт намазына тұрып, имамға ұйып, айт намазын оқыды.

Қайрат ЖАҚЫП


ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Күні: , 102 рет оқылды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Жалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебінің залында спорт күні мерекесіне арналған мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті. Волейбол спорттың командалық түрі. Жарысқа Жалпақтал ауылындағы бірқатар мекеме командалары қатысты. Жарыстың бас төрешісі аудандық спорт мектебінің директордың орынбасары Жанболат Нұрқашев жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберлікте көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мемлекеттік қызметшілер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Жалпақтал ауылындағы «КазТрансГазАймақ» командасы 1- орынды иеленді. Жалпақтал ауылдық округі әкімшілгі командасы 2-орынды алса, аудандық спорт мектебінің командасы 3-орынға табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді.

Аман ЕСЕН


АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 100 рет оқылды

Қазталов аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Ұ.С.Мұханғалиева Бостандық және Бірік ауылдық округінің мәдениет үйінде мекеме өкілдерінің, ауыл тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізді. Ұмсын Мұхангалиева Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен Қазақстанда билер кеңесін қайта құру идеясын ұсынылғанын, билер кеңесінің жаңғыруы — халық арасында ұсақ-түйек кикілжіңдер мен өзара дауларды шешудің ең тиімді амалы болып табылатынын айтты. Билердің мәселелердің мәнін айқындау өнеріне, екі жақтыда байыппен тыңдау шеберлігіне және де әр дауды шешу үшін табылатын дұрыс та, дана сөздері кез-келген заманауи судьяны қызықтырары сөзсіз. Олардың философиялық ойлау қасиеттері діни сауаттылыққа, имандылыққа негізделгендігі сонша, олар адамның іс-әрекетінен, ой-өрісінен жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты шебер ажырата білген. Істің ақиқатына жетіп, адамдарды келістіру өнерімен келер ұрпаққа үлгі болған, татулықты насихаттаған билеріміздің есімдері әлі де ел аузында. Егер де осындай адамдар пайда болса Қазақстан қоғамында көп нәрсе өзгерері анық. Шынайы, кәсіби билердің қоғамдық сананың өзгеруіне, менталитетіне зор ықпалын тигізетіні көп айтылуда. Қазіргі заманға жетіспей тұрған даулы сұрақтарды шешетін адами құндылықтарға бағытталған жаңа деңгей қалыптасар еді. «Билер кеңесін» құру жөнінде ауданның және ауылдық округтар халқына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде екенін, көпшіліктің ұсыныстары негізінде, әр ауылдық округтерден Билер кеңесіне лайықты тұлға сайлануының қажет екенін түсіндірді. Өз кезегінде ауыл тұрғындары ел ішінде беделі салмақты, аузы дуалы қариялар, сөзбен жанжалды ажырата алатын, бұрын абыройлы қызмет атқарған, қазір зейнеткерлік жаста жүрген ел ағалары, ауыл ақсақалдары бар екенін, Билер кеңесі дау-дамайды шешіп, бітімгершілік туын желбіретіп, тентекті тезге салып отырса, неге құптамасқа- деген ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ кездесуге қатысқан аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Қаженов сот жүйесінің жұмысына енгізілген заманауи технологиялар жайлы, «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы туралы, аталған сервиске енгізілген жаңа қызметтер жайында айта келіп, «Сот кабинеті» сервисін мүмкіндігінше кеңінен қолдануға шақырды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.