АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.08.2018


ОБЛЫСТЫҚ ТУРИСТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 88 рет оқылды

15-16 тамыз күндері ауданымызға облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры Виктор Павлович Фомин мен облыстық білім беру бөлімінің әдіскері Алмагүл Кизагалиева бастаған туристік топ мүшелері ауданымызға келді. Топ мүшелерінің қатарында облыс аудандарының балалар-жасөсперімдер және экология орталығының өкілдері болды. Келген қонақтар «Алау» жазғы демалыс лагерінде болып, ауданда туризм саласының дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстары мен іс-тәжірибелерімен танысты. Сонымен қатар Қошанкөл ауылындағы жаңадан жабдықталған музейлердің жұмысын да көріп,Қошанкөл ауылының концерттік бағдарламасын тамашалады. Бұдан кейін олар аудан орталығында болып, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсені және жақында ғана ашылған музейді аралады. Содан кейін секция жұмыстарына қатысып, өңірімізде туризмді дамыту мен қоршаған ортаны сақтау туралы пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры Виктор Павлович Фомин «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде қоғамдық ұйым өкілдері және жастармен кездесіп, «Батыс Қазақстан облысында туризмді дамыту жолдары» тақырыбында пікірсайысқа қатысты. -Қандай жұмыс атқарсақ та қоршаған ортаны қорғау, оны дамыту басты бағытымыз болып қала береді. Бүгінгі күнде елімізді туризм державасына айналдыру міндеті тұр. Күні кеше ғана Елбасымыз Ақтауда болғанда Ақтаудың екінші Анталия болу қажеттігін айтып өтті. Біздің еліміз туризмнің нағыз орталығы болатын ел. Өйткені жеріміздің әсем табиғаты да, тарихи орындары да көп,- деді келген қонақ өз сөзінде. Пікірсайыста Шалқар көлінің және Жайық өзенінің бүгінгі жәйі, оны қорғау, сонымен қатар минералды заттарға бай сорларды тиімді пайдалану, тағы басқа да туризмді дамыту мен қоршаған ортаны сақтау туралы сауалдар қойылып, түрлі жауаптар қайтарылды. Келген қонақ сөзінің соңында: -Қазақ халқы – қоршаған ортаны болашаққа аманат етіп кеткен бірден-бір ұлы халық. Мәселен, мал шаруашылығымен айналысқан халық жайылымды пайдаланғанда, соның ішінде қой малын жайғанда оның жайылымын әлсін-әлсін өзгертіп отырған. Ал бұл қасиетті жерді тоздырмау үшін болған. Міне, бұның өзі үлкен тәрбие емес пе?! – деді. Пікірсайыс соңында аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің жетекшісі Мирбол Адаялиев Виктор Павловичке рахмет айтып, естелік сыйлық табыстады. Соңынан келген қонақтар «Құрмет» кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

Күні: , 48 рет оқылды

16 тамыз күні «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Ауыл айнасы» газетінің қызметкерлері аудан жастарымен кездесті. Кездесуде газет редакторы Серік Жұмағалиев бүгінгі баспасөздің қоғамда алып жүрген орны туралы әңгімеледі. Қазіргі уақыт – ақпарат уақыты. Қоғамдағы қандайма жаңалықтар, оқиғалар болмасын ғаламтор желісі арқылы лезде таралып жатады. Оның ішіндегі ақпаратты пайдалануда жастар барынша мұқияттылықты танытуды қажет етеді. Әсіресе, нақтыланбаған ақпараттар оқырмандарға кері әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда аудандық газеттің әлеуметтік желісінде және оның парақшасында аудандағы экономикалық-әлеуметтік дамуындағы жаңалықтармен қатар рухани әрі танымдық бағыттағы материалдар жиі беріледі. Міне, осыған жастар көбірек көңіл аударғандары жөн. Дейтұрғанмен тәрбиелік, имандылық, адами болмысты қалыптастырудағы материалдарға жастардың ой қосулары, ұсыныстары сиректеу. Сонымен қатар 3 мың жарым тиражбен тарап отырған газетке деген сұраныс жастар тарапынан аздау екені байқалады. Әрине, мемлекеттік тапсырыспен қатар ағымдағы ақпараттардың көптігінен жастар жөнінде олардың проблемалары газет бетінде көрінбей қалып жататынын жасырмаймыз. Осыны ескере келе, жастар ақпарат айдынына деген қызығушылығы неғұрлым артса, оның оң әсері болатынын, бұнымен қоса ауданның тынысын жете біліп, оған қосар үлесінің көбейетінін айтқымыз келеді. Қалай болған күнде де ақпарат қоғамға, халыққа қызмет етуі тиіс. Ал оның бас-қасында жастар жалындап жүріп, өздерінің жасампаз еңбектерін көрсетуге ұмтылыс жасау үшін БАҚ өкілдерімен үнемі тығыз байланыста болуын қалаймыз. Кездесуде жастар тарапынан түрлі тақырыпта сауалдар қойылып, жауаптар қайтарылды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


БАСТЫ МАҚСАТ — НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Күні: , 58 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы аясында семинар ұйымдастырды. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің төрағалық етуімен өткен семинарға салалық мекеме басшылары, аудан тұрғындары және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып жатырған тұрғындар қатысты. Семинарда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Артур Берденов, аудандық кәсіпкелік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Айбек Акмалиев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметовтер нәтижелі жұмыспен қату, кәсіптік білім беру және кәсіпті дамыту мен жаңадан ашуға байланысты ақпараттар беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайрат ЖАҚЫП


«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

Күні: , 76 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» атты партиялық жобасы ауданымызда іске асырылуда. Бұл орайда мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру, әлеуметтік бейімделуіне қоғамды тарту, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге араластыру бағытындағы жұмыстар – ауданның бастауыш партия ұйымдары өздерінің басты міндетіне айналдырып отыр.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 15 шілде күні мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін тексеру мақсатында «Нұр Отан» партиясының жанынан қоғамдық топ мүшелері құрылып, барлық нысан бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында Қазталов ауданы бойынша нысандар тексерілді. Тексерудің қорытындысы бойынша бақылау объектісіне белгілі уақыт ішінде анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға қаулы мен ұсынымдар жолданды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.