АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 14.08.2018


САРЫӨЗЕН ЖАҒАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Күні: , 58 рет оқылды

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің болашағы жастарға мемлекетіміздің тарапынан үлкен қамқорлық пен мүмкіндіктер жасай отырып, сенім артып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы»жастар қозғалысына орай 13 тамыз күні Сарыөзен бойында Елбасының Халыққа Жолдаулары, «Әлеуметтік бес бастамасы», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барысында аудан жастарының ойы мен санасындағы рухқа қозғау сала отырып, атқарар істерерімізге не күрмеу, жастық жігермен елімізге не істемекпіз, туған жерді түлетуде жастардың рөлі қандай ойлармен бөлісу мақсатында аудан әкімі Абат Шыныбековпен ауданымыздағы жоғары және салалық оқу орындарында оқып жатырған студенттермен кездесу өтті. Кездесуде аудан әкімі: — Елбасымыз әрқашанда елдің болашағы жастарға үнемі қолдау көрсетіп, сенім артып отыр. Соның бір айғағындай «Болашақ» бағдарламасы бойынша еліміздің жастары шет елдерде білім алып, Отанымызға келіп, өзінің алған білімдерін елдің өркендеуіне жұмсауда. Кешегі Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасында» да жастарға білім алуға қосымша гранттар бөлінсе, сонымен қатар жатақханамен қамту, тұрғын үйді жеңілдікпен алуға да мүмкіндіктер жасалды. Міне, осындай мемлекетіміздің қолдауын аудан жастары да сезініп отыр. Биылғы жазғы демалыста сіздер «Жасыл ел» еңбек жастар жасағына қатысып, еңбек жасадыңыздар. Бұл да туған жерге деген бір көмектеріңіз болып табылады. Жастар әрқашан да жарқын істердің бастаушысы деп айтатын болсақ, алдағы уақытта да бастамалардың басында сіздер жүреді деп санаймын. Бүгін соның айғағындай ауданымыздың тамыры іспеттес Сарыөзеннің жағасында кездесіп отырмыз. Ойларыңызды, ұсыныстарыңызды тыңдайық, пікір алмасайық деген мақсат тұр, — деді өз сөзінде. Кездесуде студент жастар ауданда ақындар мектебін ашу, көңілді тапқырлар лигасын ұйымдастыру, сондай-ақ болашақ мектеп түлектерін қоғам қажет етіп отырған мамандықтарға баулу үшін орталықтар болу қажеттіліктері туралы, бұл бағытта жастар қоғамдық ұйымдарының жоспарлы және белсенділік тұрғысында жұмыс істеу жөнінде, тағы басқа да ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Аудан әкімімен кездесуінен кейін жастар туристтік көпшілік сайысқа қатысып, бақтарын сынады. Студенттер жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, аудандық балалар және жасөспірімдер туризмі мен жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған кездесулеріне ризашылықтарын білдіріп, сайыс көңілді өткенін жеткізді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.