АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.08.2018


АҚЫНМЕН ӨТКЕН СЫР-СҰХБАТ

Күні: , 68 рет оқылды

10 тамыз күні рухани жаңғыру жобалық кеңсесінде «Рухани жаңғыру: Туған жер – тұнған тарих» тақырыбында өлкетанушы, тарихшы, ұстаз әрі ақын Сәрсенғали Рахметовпен кездесу өтті. Кездесуге кітапхана қызметкерлері, оқырмандар мен жастар қатысып, ақын шығармашылығы, өмір жолы мен қызметі жөнінде әңгіме өрбіді. Ашық-жарқын өткен сыр-сұхбатта Сәрсенғали Рахметов жуырда тұсауы кесілген «Қарақоға. Қараөткел. Көмекші» атты кітабының жазылу тарихы, сол кездегі ізденістері туралы, ақындық өнерге қалай келгендігі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен өскелең ұрпаққа арналған жүрекжарды тілегін тебірене айтып берді. Кездесу барысында қазақтың қара домбырасымен ән шырқалып, ақынның «Ел осы Көмекші деп аталатын», «Ана», «Кешір әке», «Ағам жайлы», «Сен деп білем» сынды өлеңдерін оқырмандары мәнерлер оқып берді. Кеш соңында Сәрсенғали Рахметов рухани жаңғыру кеңсесін аралап көріп, осындай әсерлі сыр-сұхбат ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАС МАМАНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Күні: , 74 рет оқылды

10 тамыз күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық мамандықты алып келген түлектерді жұмысқа қабылдау жәрмеңкесі өтті. Жас мамандарды жұмысқа қабылдау салтанатында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков,- Оқу орнын бітіріп келген жас мамандар бүгін жұмысқа орналаса алмаса да, алдағы уақытта өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек ететін болады. Сондықтан үміт үзбеу керек. Баршаңызға сәттілік тілеймін,-деді. Жәрмеңкеге 90 жас түлек қатысуға ниет білдірсе, оынң 62-сі қатысты. Соның ішінде 21-і тұрақты жұмысқа, 9-ы уақытша жұмысқа орналастырылды.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 25 СЕССИЯСЫ

Күні: , 66 рет оқылды

9 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезекі 13 сессиясы өтті. Сессияда аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандық мәслихат депутаттары алдында ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстардан есеп берді. -2018 жылдың осы кезеніне аудан бюджеті 7 млрд 605 млн. теңгеге жетті өткен жылмен салыстырғанда 105,2 % көп. Соның ішінде өз кірісіміз 622 млн. теңге түсім түсті, яғни 127,1 пайызға орындалды. Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2018 жылдың 6 айында – 1 588,9 млн.теңге (2017 ж. 6 айында – 1 900,9 млн теңге) теңгені құрады. 2018 жылдың 1 шілдесі дейінгі жағдайға аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласында 35 заңды тұлға, 607 шаруа қожалықтары тіркелген. Есепті мерзімге шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 89099 басты құраса, қой мен ешкі – 310967 бас, жылқы – 24472 бас, түйе 213 басқа жетті. Ауданымыздың шағын және орта бизнес саласында 1323 субъектілер тіркелген, олар жергілікті бюджетке 24673,0 мың. теңге салық төлемдерін түсірді. Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласы көрсетілген қызмет пен өндіріс көлемі 153,1 млн теңгені құрады. Кәсіпкерлік картасына енгізілген жалпы құны 192,5 млн. теңге болатын 37 жобанын 17 жобасы 134 млн.тенге құрайтын жүзеге асырылуда, 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Есепті мерзімде экономиканың барлық салаларында 325 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 343 адам жұмысқа орналасып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17 адамға көбейіп отыр. Сонымен қатар «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде нысандардың жалпы құны –2 318,4 млрд. теңгені құрайтын жұмыстар 13 елді-мекенде іске асуда. Бүгінде 9 елді мекенде жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ аудан орталығында ағымдағы жылы 87,615 млн.теңгеге саз мектебі және 112,666 млн.теңгеге Жалпактал ауылында 12 пәтерлік 2 этажды тұрғын үй салынуда. Газ мәселесіне келсек, 13 елді мекенді (Көмекші, Көктерек, Оразғали, Жұлдыз, Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан, Қособа, Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек) газбен қамту жұмыстары жалпы құны 1,486 млрд. теңгеге іске асуда. Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына тоқталсақ, облыс орталығынан ауданға жол тарту жұмыстары жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Қазталов ауылішілік жолдарын (Желтоқсан, Сауанов, С.Датұлы, Тәуелсіздік, А.Оразбаева, Даниялов көшелері) ұзындығы 3,1 шақ. және ұзындығы 1,3 шақ. тротуар (Сауанов, С.Датұлы, А.Оразбаева) барлығы 230256,0 мың.теңге қаражатқа сонымен қатар, Жаңажол ауылына кіре беріс және ауылішілік жолдарын ұзындығы 7,4 шақ. күрделі жөндеу барлығы 691066,0 мың. теңге қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай атқарылған жұмыстармен қатар жобалары жасалып жатырған жұмыстар да бар, -деді аудан әкімі Абат Абайұлы. Сессияда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Артур Берденовтың «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ауданда орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сессияда басқа да мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.

Қайрат ЖАҚЫП


ТАҢДАУШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Күні: , 74 рет оқылды

9 тамыз күні Қазталов аудандық сайлау учаскесінде таңдаушылар Ақпәтер ауылдық округі әкімі лауазымы үміткерлеріне дауыс берді. Дауыс беру рәсімі алдында таңдаушыларға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұретдин Құтхожин дауыс беру тәртібін түсіндірді. Дауыс беруге 8 таңдаушы қатысты. Сайлау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36-1 бабына сәйкес өткізілді. 2018 жылдың 9 тамызда өткен Ақпәтер ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы Жалпы таңдаушылар саны 12, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар — 8. әкімдікке үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Н.Булаевқа – 6, Т.Сүйінішқалиевке – 0, Қ.Хасановқа – 2. Ақпәтер ауылдық округінің әкімі болып Нұрхат Сатыбалдыұлы Булаев сайланды, 1984 жылы туған, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшысы, Жалпақтал ауылында тұрады.

Аудандық сайлау комиссиясы


ФОМИН-ҚАЗТАЛОВ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІН АШУ ЕКІ ЕЛГЕ ДЕ ТИІМДІ БОЛМАҚ

Күні: , 70 рет оқылды

Бұл тақырыптағы әңгіме көршілес Ресей Федерациясы Саратов облысы Александров-Гай муниципальдық ауданының басшысы Сергей Федечкиннің Қазталов ауданына келген сапарында қозғалды. 8 тамыз күні Сергей Федечкин аудан орталығына келіп, аудан әкімі Абат Шыныбековпен арнайы кездесті. Кездесуде тарихы бір екі ауданның даму қарқыны туралы ортақ әңгіме қозғалды. Әсіресе Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекеттерінің толыққанды ашылу мүмкіндігі туралы кеңінен айтылды. Александров-Гай ауданының басшысы Сергей Анатолийұлы жақында Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володиннің алдында Фомин-Қазталов өткізу бекеті туралы мәселе көтергенін және бүгінгі таңда бұл мәселе Саратов облысының губернаторы Валерий Радаевтың тікелей бақылауына алынғанын айта келіп, — Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекетінің толыққанды іске қосылуы екі ауданға ғана емес екі елдің экономикасына қыруар пайда келтіреді,- деді. Ал бұл жағдайға байланысты Қазталов ауданының әкімі Абат Абайұлы да электр жарығын тартуға және жол жасауға тиісті құжаттар жасақталынып жатырғанын жеткізді. Сонымен қатар кездесуде Сергей Федечкин Абат Абайұлына және Қазталов ауданының делегациясына 24 тамыз күні өтетін Александров-Гай ауданының 45 жылдығына арналған шақыртуды табыстады. Кездесуден кейін Сергей Федечкин аудан орталығындағы «Рухани жаңғыру» залын, аудандық музейді аралап көріп, 100 орындық интернат пен жаңадан салынып жатырған саз мектебінде болды.

Қайрат ЖАҚЫП


МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — 2018

Күні: , 58 рет оқылды

8 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық білім беру бөлімінің бастығы Нұрғали Дүйсековтың қатысуымен брифинг өтті. — Жылдағы дәстүр бойынша ауданымызда 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайы¬рым¬дылық акциясын «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізіледі. Себебі белгілі , көп балалы, аз қамтылған және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан қалмай, мектепке киімі бүтін, толық оқу құралдарымен көңілді қадам басуына жағдай жасау. Осы мақсатта әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы баллаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін аудандық білім бөлімінің жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы 27 шілдедегі №147 бұйрығы және аудан әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары барлық білім беру ұйымдарына таратылып, жұмыстар басталып кетті, — деді аудандық білім беру бастығы. Осы тұста аудандық білім беру басшысынан акция өту барысы сұраған болатынбыз. 69 балаға 95 мың 600 теңге көлемінде көмек беріліпті. Бұл әзірге бір апталық көрсеткіш. Әлбетте,балалардың қуанышы – қуаныштың төресі. Жағдайы төмен отбасылардың баллаларына көмектесіп, сауап алғанға не жетсін?! Десе де жақсылық қайтарымсыз болу керектігін есте сақтағанымыз абзалырақ деген ой түйдік брифингте.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 88 рет оқылды

«Қуантсаң – балаларды қуант» деген ғой. Бала қиялы көкке самғайтыны белгілі. Әсіресе қазақ ертегілерін оқығанда сондағы кейіпкерлер әлемі балаларды өздеріне тартатыны сөзсіз. Оны бала болғанда өзімізде біліп өстік. Ал сол ертегідегі кейіпкерлер сахнада көрінсе, балалар үшін тіпті тамаша ғой. Соның орнын толтырғандай Қазталов аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан ашылған қуыршақ театры ашылды. Аудан орталығында алғаш ашылған қуыршақ театрының прьмерасы Қошанкөл мәдениет үйінде «Үш торай» халық ертегісімен ашылды. Округ орталығының және «Алау» жазғы демалыс лагерінде демалып жатқан тынығушы жасөспірімдері театр қойған қойылымды көріп, жақсы әсерде болды. «Үш торай » халық ертегісін сахнаға дайындаған – қоюшы режиссері Балғаным Губашева. Ролдерде ойнаған Мерлан Нұролла, Таусих Тақаев, Оралхан Ерғалиев, Қайрат Абдулов балаларға осындай рухани сый жасады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.