АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 30.07.2018


«КӨКТЕРЕКТІҢ ГҮЛДЕРІН-АЙ!»

Күні: , 100 рет оқылды

Адам өмірі бір орында тұрмайды. Тұрмыс өресі жоғарылайды, бүгінде гүл өсіру əдетке айналды. Осы тұрғыда Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі мен интернатта жыл сайын əр түрлі гүлдер егіледі. Мектеп директоры Қайырлы Байжанов айтуынша, мектеп ауласы мен интернатында гүлдермен безендіріліп, қажетті күтім жасалады. Еңбек демалыстарында уақытпен санаспай, мектеп жəне интернат ауласын көп жылдан бері көркейтуге үлес қосып жүрген Ажар Кереева, мектеп жəне интернат күзетшілері Мақсот Шəмшиденов, Егор Орашев, Жұмакелді Ғатауов, Сəрсенғали Бисенов, Жасқайрат Ахметкереев апа — ағаларымыздың үлесі, еңбектері зор деуге болады. Гүлдерді қорғау- гүлдерді аялау, əр адамның міндеті. Үлкен — кіші әрдайым таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оны бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Гүлнұр ҚАЗБЕК


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Күні: , 88 рет оқылды

28 шілде күні орталық базарда ауыл шаруашылықты дамыту мақсатында жəрмеңке ұйымдастырылып, Қошанкөл, Қараоба округтерінің өнімі саттыққа қойылды. Жəрмеңке барысында ауылдан өнімін арқалап келген Мухсина мен Ақмарал апайларымызбен тілдескен едік. — Сауда жақсы жүруде, май мен қаймаққа,құрт пен сүт,айранға сұраныс мол. Кейбіреулері жəй естіп, «қап,үлгірмедік…»деп жатқандары да болды,- дейді. Айта кеткен жөн «Есенгелді» шаруа қожалығының қойы да əп-сəтте саудаланып үлгірген-ді. Осылайша жәрмеңкеде өз өнімін саудалаған сатушы да, алған тұтынушы да дəн риза. Жəрмеңкеге келген халық осылай жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін жеткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


БІРІКТІКТЕР ТАМАША КЕШ СЫЙЛАДЫ

Күні: , 112 рет оқылды

Аудан орталығында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елордамыз – Астананың 20 жылдығына және ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай ауылдық округтер арасында «Туған жерім – Тұнған тарих» атты өнер фестивалі оздырылып жатырғанына барша қазталовтықтар куә. Міне, сол фестиваль аясында 29 шілде күні Бірік ауылдық округі «Достық» саябағында өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Концертте сөз алған Бірік ауылдық округінің әкімі Батырхан Байғонақов барша ауылдастарды айтулы мерекемен құттықтап, кеш шымылдығын ашты. Саябаққа жиналған көпшіліктің алдында Бірік ауылдық округінің көркемөнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, бір серпілітіп тастады. Әсіресе, ауылдың ардагерлерінен құралған хор тамаша әндер шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Хор ортасында 81 жастағы Ораш Малаев ақсақал өнер көрсетіп, өзінің әліде болса қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретінін тағы да бір байқатты. Концертті тамашалаған ағайынға викториналық сұрақтар қойылып, жауабын тапқан көрермендерге сыйлықтар таратылса, сахна төрінде ұмытылған дәстүрлерміздің бірі – «босаға майлау» көрініс тапты. Концерттің тағы бір ерекшелігі жерлес ақын, композиторлардың «Қазталов вальсі», «Әжбайым» әндері орындалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады. Әжбайлықтардың концерттік бағдарламасын тамашалаған қазталовтықтар саябақ төрінен төгілген күй мен әуелеген әдемі әндерден тамаша әсер алып, өздерінің кешкі демалыстарын керемет өткізді. Концерт аяқталысымен сахна төріне көтерілген Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов ауыл тұрғындары атынан Бірік ауылдық округінің көркемөнерпаздарына алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады. Концерттен кейін келген үлкендерге киіз үйде дастархан жайылып, дәм ұсынылды.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.