АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 21.06.2018


ҚОНЫС МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ ДӘУЛЕТ — 130 БАЛЛ ЖИНАДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

20 маусым күні ауданымызда ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті. Тестілеу нәтижесі бойынша Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Дәулет Ғабитұлы Сеғуатов 130 балл жинап, аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. Ал аудан бойынша орташа балл 84, 63 баллды құрады. Айта кетейік, өткен жылы ауданымызда ҰБТ-ға 134 түлек қатысып, орташа көрсеткіш 84,16 балды құраса, биыл 233 түлек білім байқауында бақ сынады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ВОЛЕЙБОЛДАН ЖҮЛДЕЛІ 3 ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Күні: , 92 рет оқылды

Орал қаласында Елордамыз — Астананың 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада оздырылды. Спартакиадаға облысымыздың барлық аудандары әкімдіктері және Орал қаласы, облыстық басқармалар мен департаменттер командалары қатысты. Осы тартысты өткен жарыста спартакиаданың ерлер арасындағы волейбол түрінен Қазталов ауданының мемлекеттік қызметшілері жүлделі үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН СЕЛЕКТОРЛЫҚ МӘЖІЛІС

Күні: , 132 рет оқылды

20 маусым күні облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов аудандардың әкімдерімен селекторлық мәжіліс өткізді. Селекторлық мәжілісте өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Облыс әкімінің орынбасары кешегі ауданымызға іссапармен келген республикалық комиссияның қорытындысын айта келіп, Қазталов ауданындағы бұл бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың және жаңадан бастау алып жатқан істерге оң баға берді. Сонымен қатар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына аудандағы істерді одан әрі насихаттау міндеттерін белгіледі. Секторлық мәжілістен кейін аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандық жобалық кеңсеге, кіші бағдарлама жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ӨКІЛДЕРІ – АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 178 рет оқылды

19 маусым күні ауданымызға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында ҚР-ның Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Есет Байкен бастаған республикалық комиссия өкілдері келді. Комиссия құрамында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру кабинетінің меңгерушісі Лаула Нарушева, ҚР-ның Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің ғылыми қызметкері Динара Кәрімова, ҚР-нің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитеті Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Еркебұлан Жаулыбаев, ҚР-ның Ақпарат және мемлекеттык коммуникация министрлігі комитетінің Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру жөніндегі басқарманың бас сарапшысы Жазира Жұмағұлова, Республикалық жобалық кеңсенің «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша менеджері Айнұр Рахматалиева, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, БҚО өңірлік кеңсесінің әкімгері Мұхтар Дәулетжанов бірге болды. Келген қонақтар ең алдымен Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық ауылындағы аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаевтың демеушілігімен салынған медициналық пункттің жұмысымен танысты. Бұдан кейін Астанадан келген қонақтар Жалпақтал ауылындағы «Атамекен» кіші бағдарламасы және «Әлеуметтік бастамалар» жобасы, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, мектеп түлектерінің демеушілігімен атқарылған Жалпақтал ауылының белгісі және көше шамдары, «Батырлар аллеясы», Орталық алаң, Футбол алаңы және М.Ахметов пен Т.Оразғалиевтың демеушілігімен жасалынған Сәкен Ғұмаровтың ескерткішін көрді. Келген қонақтар ел үшін жасалып жатқан жұмыстарды көргеннен кейін Жалпақтал мәдениет үйінде ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған және жасалып жатқан жұмыстардың жобалары бейнероликтен тамашаласа, көрме жұмыстарымен де танысып, арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстел басында «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікірлер алмасты. Дөңгелек үстелде облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өңірімізде істеліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндаса, аудан әкімі Абат Шыныбеков «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Есет Байкен республикамыздағы атқаралып жатырған жұмыстарға тоқтала келіп, Батыс Қазақстан облысындағы және Қазталов ауданындағы жасалған жұмыстарға оң бағасын берді. Іссапар аясында келген қонақтар Ақпәтер ауылында болып, ауыл шаруашылығы саласының білгірі, еңбек ардагері Кәрім Өтеғұловтың демеушілігімен жасалған «Ана мен бала» монументі және Ақпәтер тарихи-өлкетану музейінің жұмыстарымен танысып, ризашылықтарын білдірді. Айта кету керек, олардың айтқан пікірлерінде шағын округ орталығында өткенді зерделейтін, бүгінгі жас ұрпаққа ой салатын ұланғайыр жұмыстар атқарылғанына куә болғандарын тілге тиек етті. Ал Ақпәтер ауылдық округінде бұндай жұмыстардың жалғасындай шаруа қожалығының жетекшісі Самат Хасановтың демеушілігімен медициналық амбулаторияның іргетасы қалануда.

Тұрарбек АҚМУРЗИН, Гүлнұр ҚАЗБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.