АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.06.2018


«ҚЫСҚА ҒҰМЫР» КӨРЕРМЕННІҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПТЫ

Күні: , 88 рет оқылды

Мына бес күндік жалғанда бір-біріміздің қадірімізді білмей жатамыз. Тіпті әр соққан минуттармен, өткен уақыттарда өлшеусіз өміріміздің өтіп жатқанын да байқамай жатамыз. Кейде мына өмірге не үшін келіп, қандай амал жасап жатырғанымызды да білмейміз-ау… Әйтеуір қысқа ғұмырда жақсылық жасамай, дүние жинап әлекпіз… Күні кеше ғана Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры Ф. Буляковтың «Қысқа ғұмыр» атты мұңды комедиясын қазталовтық ағайынның назарына ұсынды. Зымырап өтіп жатырған қамшының сабындай қысқа ғұмырымыз көз алдымызға оралды. Күлдік те, жыладық та. Жалпы, оқиға желісі төсек тартып қалған қарт (Салауат Түменов) пен оның кемпірінің (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытгүл Жақыпова) өмір жолдары хақында баяндалады. Сырқат қартымыз түсінде «ажалмен» бетпе-бет кездесіп, «ажал» оған өмірінің таусылуына үш-ақ сағат қалғандығын ескертіп, «осы уақыт аралығында сауапты іс қыл» дейді. Сонда ғана қарттың ғұмыры да ұзармақшы. Сөйтіп, кемпірі екеуі «қандай сауапты іс тындырамыз» деп ойланып, бір сәт кейін шегініп өткен өмірлеріне көз жүгіртеді. Сахнада шалдың жас кезіндегі бейнесі Григорий (Жасқайрат Валиуллиев) кейпінде көрініп, жас Гришаның өрескел іске барғандығын байқадық. Өзінің жары Василисаның (Жұлдыз Мамедова) мейірімділігін, сұлулығының қадірін білмеген Гриша оны ұрып-соғып, тіпті жүрегіне жара салады. Айқай-шумен, арпалыспен өткізіп жатырған өмірде олар сәби сүйе алмай қалғаны өкінішті-ақ. Екеуінің соңында ұрпақ қалмады. Сарт-сұрт соққан сағат тілі кенет тоқтады, қос пенденің жүрегі де соғуын тоқтатты… «Өмір» өтті де кетті … Қойылымнан көрермен қандай әсер алғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрине,и көздеріңе еріксіз жас алған көрермен уақыттың қадірін түсінгендей күй кешті. Қойылым біткен соң, қойылымды шебер сомдаған өнер майталмандарына орындарын тұрып, ұзақ уақыт қол соқты… Бұл өнерге, театрға деген құрмет деп білеміз. Кеш соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева сөз алып, — Бүгінгі кеште театрды сағынған көрермен рухани азық алды деп білемін. Шынайы өмірді сахналау — нағыз шеберлік. Әсіресе, бұл қойылым бүгінгі жастарымызға сабақ болғандай. Қазіргі күнде әрбір отбасында осындай жағдайлар орын алып жатады. Дегенмен, қысқа ғұмырымыз сахналанғанда көзімізге жас алдық. Өте керемет әсер алдық, — деп ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Абат Абайұлының атынан театр ұжымына және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Бақытгүл Жақыповаға алғысхат пен естелік сыйлық табыстады. Бұл қойылымнан жастықтың мәңгілік еместігін шынайы сезініп, мынау жалғанда кейінге ұлағат болар із қалдырудың маңыздылығын ұғындық. Расында да қарбаласқа толы тіршілікте уақыттың қадіріне жете бермейміз. «Қайтейін, қадіріңді білмеппін, қайран өмір» деп кейін бармағымызды тістеп қалмайық, «Қысқа ғұмырдағыдай». Әр пенде таңертең ұйқысынан оянысымен «мен не істеуге тиіспін» деп, ал ұйықтар алдында «мен не тыңдырдым» деп өз-өзімізден есеп алып мағыналы өмір кешейік, онсыз да «ғұмыр қысқа» ғана.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАЛПАҚТАЛДА ЕКІ ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНБАҚ

Күні: , 116 рет оқылды

18 маусым күні  аудан әкімі Абат Шыныбековтың «Ашық әкімдік» бойынша жұмыс жоспары Жалпақтал ауылында жалғасты. Ең алдыменен аудан басшысы Ғ.Әнесов, Жалпақтал, Сламихин бағытында тұратын тұрғындармен аудандық спорт мектебінде кейін Жалпақтал мәдениет үйінде кездесті. Кездесу барысында тұрғындардың тыныс тіршілігімен танысып, ауданда атқарылып жатқан жұмыс жоспарымен бөлісті. Өз кезегінде Жалпақтал әкімі Самиғолла Ақмурзин І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. -Ауыл-аймақты аралап келеміз. Ауданымызда атқарылған да атқарылатын жұмыстарда жетерлік. Бүгінде біз Жалпақтал ауылында екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй салуды жоспарлап, мердігері шешіліп, алдағы аптадан құрылыс жұмыстары бастайтын болады. Сонымен қатар ауданымызда газдандыру жұмыстары биыл қолға алынып, үш бағыт бойынша қаражаттары бөлініп, бұл да алдағы уақытта жұмыстарын бастайды. Ал Жалпақтал, Қараөзен ауылдық округтеріндегі «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталу қарсаңында. Шілде айында іске қосылатын болады,-деген Абат Абайұлы тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. кездесу соңында ауыл тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 70 рет оқылды

18 маусым күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, жекелеген мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда ауыл тұрғындарының дені тұрғын үй және тұрақты жұмыс жөнінде мәселе көтерілді. Тұрғын үй мәселесі бойынша кезек ретімен келетінін айтқан аудан басшысы көптің көкейіндегі сауалдарға ден қойып, әлеуметтік мәселелерді алға тартқан жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтты. Осы қабылдау барысында Ет комбинаты бөлігі тұрғындары атынан Елдос Қадыров аудан әкімшіліәгіне өзінің ризашылығын білдіріп алғысын жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласы бойынша да мағлұматтар алған ауыл тұрғындарына Абат Абайұлы әрдайым қолдау болатындығын жеткізді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУДАН ӘКІМІ БІР ТОП ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 68 рет оқылды

18 маусым күні аудан әкімі Абат Шыныбеков өз өтініштері бойынша бір топ тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда болған Қазталов ауылының тұрғындары Болақай Тоғжанов, Қуандық Қауметов, Серікқали Сисенов тұраққа жұмысқа орналасу, мал өсіру үшін жер телемін бөлу мәселелері жөнінде өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі тұрғындардың айтқан өтініштерінің тиісті заңдылық талаптарға сай шешімін табатыны жөнінде айтты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.