АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.06.2018


БОЛАШАҚТА ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні Болашақ ауылында шағын футбол алаңы ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Аxметов және Болашақ ауылдық округінің әкімі Қоблан Дүйсенов тұрғындарды мерекемен құттықтап, игі тілектерін жолдады. Футбол алаңының ашылу салтанытынан соң Болашақ ауылының 3 командасы мен Қайыңды ауылының командасы өзара жолдастық кездесу өткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


БАЛАЛАР ДА, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ДА ҚУАНАРЫ СӨЗСІЗ

Күні: , 110 рет оқылды

Аудан орталығы жылдан-жылға жасарып, көркейіп келе жатқанына жұртшылықтың көзі жетіп отыр. Әсіресе, өткен жылдан бері ауылдың абаттандырылуына және тазалығына үлкен көңіл бөлінуде. Себебі шеттен келген сырт көз ауданның тынысын аудан орталығының келбетіне қарап танитыны белгілі. Ендігі бір айтайық дегеніміз — Алма Оразбаева, Ихсанов, Қаби Жақып, Амангелді Имванов тағы басқа көшелерінде тұратын тұрғындардың Алма Оразбаева мектебінде оқитын балалар лайсаң уақыттарда мектепке тіке жолмен барған кезде қиналатын. 300 метрге жақын жаяу жүргінші жолы жасалынбағандықтан біршама жерді айналып жүретін. Соның шешімі табылды. Аудан әкімі Абат Абайұлының бастамасымен мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына орай мемлекеттік мекемелер ұжымдарының күшіменен мектепке тіке баратын жаяу жүргінші жолы жасалды. Жолға қажетті материалдар үнемделген және пайдаланылудан қалған құрылыс материалдары есебінен салынды. Осындай игі іске балалар да, олардың ата-аналары да жаңа оқу жылына келгенде қуанары сөзсіз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


МЕНИНГИТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Күні: , 76 рет оқылды

4 маусым күні аудандық білім бөлімінде арнайы мамандардың қатысуымен менингит (миқұрт) ауруының алдын-алу мақсатында шара өтті. Шараға алдағы уақытта Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» балалар демалыс лагеріне баратын оқушылар, олардың ата-аналары және бастап баратын тәлімгерлер қатысты. Шарада аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айболсын Еркінғалиева мен аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Жеміс Ғабдулнасыровалар менингит ауруы туралы жалпы ақпарат беріп, оның алдын-алу шаралары туралы түсіндірді. Мамандардың айтуынша,- соңғы күндері еліміздің басқа өңірлерінде, соның ішінде Алматы облысында менингит аруын жұқтырғандардың тіркелгендігі, осыған байланысты алаңдаушылық туындап отырғанды жасырын емес. Сол себептен алдын-алу мен сақтану шараларын күшейткен жөн,- дейді. Міне, арнайы мамандардың алаңдап отырғаны тегін емес. Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарынан менингит ауруы туралы жиі оқып, көріп жүрміз. Ендеше, сақ болайық!

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Күні: , 78 рет оқылды

4 маусым күні Қазталов ауданы орталығында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова хабарлама жасады. Хабарламаға қысқаша назар салсақ, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымыз бойынша 63 шара ұйымдастырылып, оған 18650 адам тартылған. Әсіресе, «Тәрбие мен білім» кіші бағдарламасы бойынша 19 ірі шара, соның ішінде «Өлкетану» базалық бағыты, «Отаным – тағдырым» базалық бағыты, «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша шаралар өткен. Осы шараларға 953 адам тартылған. Сондай-ақ «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасы бойынша да біраз жұмыстар атқарылып, 21 іс-шара өз деңгейінде өткен. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 32 шара оздырылып, 3450 адамды қамтыған. Ауыз толтырып айтатын болсақ, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 29 көлемді шара ұйымдастырылып 8750 адам тартылған. Соның ішінде «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық жобасы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында жалпы құны 50 млн. 700 мың теңгені құрайтын 29 жоба іске асты. Бұл жобаларға жарық диоттық композициялар, жол белгілері, музей жасақтау, саябақ, заманауи спорт алаңдары жасалған. Алдағы уақытта құны 125 млн. 360 мың теңгені құрайтын 37 жоба іске асады деп күтілуде. Сонымен қатар «Жомарт жүрек» базалық жобасы бойынша көптеген асыл азаматтарымыз өздерінің игі істерін атқаруда. «100 жаңа есім» арнайы жобасы бойынша да облысқа 35 адамның, ал ауданымызға 97 адамның тізімі ұсынылуда. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына атқарылған іс-шаралар туралы 225 мақала басылса, аудандық «Ауыл айнасы» газетінде «Рухани жаңғыру» арнайы беті ашылған. Отырыста аудан әкіміның орынбасарының хабарламасын тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін де білдірді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Сисенғали Нығметов,- осындай ауқымды істердің атқарылып жатырғанына біз қуанамыз. Облыс бойынша біздің аудан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатырған жұмыстардан көш алдында. «Біткен іске сыншы көп» демекші мен сынағым келіп тұрған жоқ. Осы жұмыстар кезінде эстетикалық талғамдық көзқараспен жұмыстанып, кейбір жобаларда бірін-бірі қайталау мен әсірелеуге жол бермеуіміз керек сияқты. Осы ұсынысымды назарларыңызға алсаңыз,- деген ұсынысын білдірді. Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.