АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.05.2018


«ОРАЗАДА ІШІМДІК САТПАЙЫҚ!» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ

Күні: , 126 рет оқылды

Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Осы Рамазан айының басталуы қарсаңында аудан жастары «Оразада ішімдік сатпайық!» атты акция ұйымдастырды. Акцияда жастар дүкендер мен кафелерді аралап, акцияның қолдауға шақырды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына Ораза айының кестесі мен дұғалары таратылып, құрмадан дəм татқызды. Базар алаңында жүргізуші Нұржан ағамыз, -Мен зиянды əдеттерден аулақпын. Өзім Ораза ұстамаймын. Бірақ аудан жастарының осындай акциясын қолдаймын..Рамазан айы құтты болсын, ағайын! -деп лебізін білдірді.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАСТАР ЖАНЫ ЖҮДЕУ ЖАНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Күні: , 112 рет оқылды

Қазіргі кезде барлық қоғаммен бірге жаны жүдеу жандарға көмектесу, оларға бір сəт қуаныш сыйлау — бəріміз үшін өте маңызды. Шынайы өмірде біз оларды бағалайтынымызды және қадірлейтінімізді көрсету -біздің борышымыз. Осы орайда Отбасы күнінде аудан жастары Қазталов əлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, «Жан шуағы» мерекелік кеш ұйымдастырды. Шарадан əр саладағы жастар өздерінің өнерлерін көрсетіп,қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қызмет алушылардың көзінен қуаныш пен шаттық білініп, олардың жүрегінде сүйіспеншілік пен жастық шақтарының сәттерін көздеріне елестеткендей әсер алды.
Міне, күнделікті өмірде де біз осындай жандардың көздеріңе үнілуіміз қажет. Өйткені оларға тек мейірім мен қамқорлық қажет. Сонда ғана олардың жүздері жадырап, бір сəт қоғаммен бірдей өмір сүретіндерін сезінеді… Кеш соңында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Райымбек Нұрекешов сөз алып, жастар атынан естелік табыс етсе, Қазталов əлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Альберт Талпахов ұжым атынан ризашылығын білдірді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ИМАНДЫЛЫҚ — АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ»

Күні: , 82 рет оқылды

15 мамыр күні аудандық кітапханада «Имандылық — адамгершіліктің асыл қасиеті» атты кездесу өтті. Кездесуге Қазталов ауылдық мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов, Қазталов орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Кездесу барысында имандылық туралы бейнероликтер көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері «Иманды қыз» көрінісін қойды. Қазталов ауылдық мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов мектеп оқушыларына имандылық, Ислам діні туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНУДА

Күні: , 92 рет оқылды

Биыл аудан орталығының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленгелі отыр. Тарқатып айтайық. Талай мінбелерден әңгіме өзегіне айналған өнер мектебінің іргетасы қаланып жатыр. Бұл құрылыс жұмысын «Жолаушы — Жол» ЖШС жүргізуде. Серіктестіктің атқарушы директоры Серік Темірханов былай деп әңгімелейді: -Құны 87 млн. теңге қаражатты құрап отырған бұл құрылыс жұмысы 10 сәуірде басталды. Белгілі уақытында аяқтаймыз. Қазіргі күнде 18 адам құрылыс жұмысында жүрсе, соның 6-уы жергілікті жерден тартылды. Біз бұл салынып жатқан құрылыстың маңызын терең түсініп отырмыз. Өйткені арнайы өнер мектебінің ғимараты аудан көлемінде тұңғыш рет қолған алынып отыр. Сондықтан бұл болашақ өнерге қанат қаққан жастарды тәрбиелейтін орын болғандықтан, олардың өнерден алаңсыз дәріс алуы үшін құрылыс жұмысын сапалы жүргіземіз,-деді. Біз де құрылыс жұмысын жүргізіп отырған құрылыс бригадасына сәттілік тілеп, күні ертең қазақтың құдіретті күйін орындайтын домбырашылар, асқақтата ән салатын әншілер, сызылта ойнайтын сырнайшылар, қазақтың мұңын, зарын тарихтан сыр қылып жеткізетін қобызшылар, мың бұралған бишілер дайындайтын қасиетті өнер ордасының бой көтерілгеніне қуаныштымыз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ҮЛКЕН ӨЗЕН ҮСТІНЕН КӨПІР САЛЫНДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

15 мамыр күні «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңадан салынған Қайыңды ауылы жанындағы Үлкен өзен арқылы өтетін жаңадан салынған қалқымалы көпірдің ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков жиналған жұртшылықты жаңадан пайдалануға берілген көпірдің халық игілігіне айналуын айта келіп, Болашақ және Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарының қуанышы ғана емес, бүкіл ауданымыздың қуанышы болып отыр. Өйткені бұл көпір ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына да өзіндік үлесін тигізетін болады. Оның себебі аудан тұрғындары осы жол және көпір арқылы көршілес Тасқала ауданы, әрі қарай облыс орталығына да қатынай алады. Міне, осындай жасалып жатқан жұмыстар Елбасымыздың ауыл халқының әлеуметтік тұрмысының жақсаруы үшін жүргізілген саясатының жемісі деуге болады. Сондықтан сіздерді және барлық аудан тұрғындарын осы бір қуанышты жаңалықпен құттықтап, әрі қарай жетер биігіміз көп болсын!-деді. Ашылу салтанатында сөз алған еңбек ардагерлері Мұнайдар Карин, Есмағұл Мусин: -Өткен жылы осы көпір мәселесін облыс және аудан басшыларының алдарына қойып едік. Сол кезде басшылар жаңадан көпір салынады деген болатын. Міне, бүгін сол уәде орындалды. Сондықтан Абат Абайұлы сізге рахмет айта отырып, біздің ризашылығымызды облыс әкімдігіне жеткізесіз деп санаймыз. Көпірдің салынуы — аудан орталығымен қатынасты 70 шақырымға қысқартып отыр. Бұл халық үшін тиімді. Еліміз көркейіп, өсе берсін,-деген тілектерін білдіріп, бата берді. Сонымен қатар салтанатты жиында сөз алған «Орал жөндеу компаниясы» ЖШС-ның бөлім басшысы Хамидолла Дәулетов көпірдің халық игілігіне ұзағынан жарай берсін, -деген лебізін жеткізді. Бұл қалқымалы көпірді Владимир Самсонов жетекшілік ететін «Орал жөндеу компаниясы» ЖШС 52 млн. 700 мың теңгеге салған. Ұзындығы 42 метр, ені 6 метр, жүк көтеруі 20 тоннаға дейін жететін көпір құрылысы сапалы салынған.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ

Күні: , 92 рет оқылды

15 мамыр күні Қазталов аудандық орталық ауруханасының емхана меңгерушісі Ғазиза Мусина қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. -Бүгінде елімізде денсаулық сақтау мекемелерін цифрландыру үрдісі қарқын алып келеді. Қазір жергілікті халық көптеген қызмет түрін e.gov порталы арқылы алып жатырғаны белгілі. Сонымен қатар барлық Қазақстан аумағына ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін ұялы қосымшалар енгізіліп жатыр. Денсаулық сақтау орындарында да мобильді қосымша қызметтері бар. Солардың бірі «DamuMed» ұялы қосымшасы. Енді емделушілерге қызмет көрсету компьютер және смартфон арқылы да жүзеге асырылады. Ұялы телефоныңыз арқылы «DamuMed» мобильді қосымшасын пайдаланып дәрігер қабылдауына жазылсаңыз болады. Қабылдауға жазылу үшін «Дәрігерге жазылу» батырмасын басу керек. Пайдаланушы керек аурухананы, дәрігерді, қабылдау күні мен уақытын өзі тандай алады. Сондай-ақ учаскелік дәрігерді де үйге шақыртуға болады. Сағат 08-00-ден 18-00 аралығында жедел жәрдем шақыртудың 4 категориясына жататындар бұл қызметті пайдалана алады. Егер ұялы телефон арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу мүмкіндігі болмаған жағдайда тіркеу бөліміне қабарласу арқылы да (32-2-13) жазылуға болады. Бұл қызмет біздің ауруханада сәуір айынан бері жүзеге асырылуда. Сонымен қатар емделушілердің амбулотриялық карталары енді қолдарына берілмейді. Барлығы электронды түрде жүргізілетін болады, -деді Ғазиза Мусина. Брифинг барысында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 78 рет оқылды

15 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырсы өтті. Комиссияға ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары қатысты. Комиссияда «Табиғи өрттің қауіпті кезеңіне дайындық және суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу» туралы ауданша төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Абай Нәсіпов хабарлама жасады. Комиссия отырысында өрт оқиғаларының алдын алуға қажетті техникаларды жаңарту, өрт сөндіруге еріктірлерді тарту, суға түсетін арнайы орындар белгілеу сынды мәселелер қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды. -Өткен жылы аудан көлемінде орын алған дала өртінің салдарынан көптеген мал жайылымы және шабындық жерлер отқа оранып, Қособа елді мекенінде 1 адам қаза тапса, сонымен қатар ұсақ малдар да шығынға ұшыраған болатын. Осы орын алған өрт салдарынан мал азығын жинауда да қиындықтар туғаны белгілі. Осыған орай биыл дала өртінің алдын алу мақсатында жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Техникалық байқаудан өтпеген техникаларды қатаң қадағалау, оларды шөп шабу науқанына қатыстырмауды жергілікті учаскелік полицияларға тапсырамын. Сонымен қатар суға түсу маусымында суға кету оқиғаларының жиілеп кететіні белгілі. Өткен жылы аудан көлемінде 2 адам суға кетсе, биыл жыл басынан бері 3 оқиға орын алды. Алда жаз айлары басталады. Жазғы демалыс кезінде оқушылардың суға түсуде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын қамтамасыз етуіміз керек, -деді отырысты қорытындылаған аудан әкімі Абат Шыныбеков. Комиссия отырысы соңында қыс айларында жолдарды қардан тазарту, көктемгі су тасқынының алдын алуда белсенді жұмыс жасаған мекеме-кәсіпорындар алғысхаттармен марапатталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ СУДЪЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №680 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сай Қазталов аудандық сотының судъясы болып Ұмсын Сүйінғалиқызы Мұханғалиева тағайындалды Ұмсын Сүйінғалиқызын аудан активіне Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбеков таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Ұмсын Сүйінғалиқызы Мұханғалиева Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Первомай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Талдықорған қаласының заң институтын бітірген. Орал қаласы Ленин аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы, Орал қалалық сотының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, Қазақ мемлекеттік Заң академиясының Батыс Қазақстан облысы филиалының аға оқытушысы, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының аға оқытушысы, Орал қалалық сотының судьясы, Астана қаласының Сарыарқа ауданының №2 сотының судьясы қызметтерін атқарған.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 22 СЕССИЯСЫ

Күні: , 80 рет оқылды

15 мамыр күні аудандық мәслиxаттың кезекті 22 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Абат Шыныбеков, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Сессияда аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин «2017 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы» туралы, «Аудандық мәслиxаттың бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі туралы» комиссия төрағасы Мирбек Рамазанов, «Аудан бойынша қылмыстың алдын алу, құқық тәртібін нығайту мақсатында 2017 жылы атқарылған жұмыстардың жәйі туралы» Қазталов аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Әділбек Ғазизов хабарламалар жасаса, сонымен қатар аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Қазталов, Бостандық, Жалпақтал ауылдық округтеріндегі жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенттері бекітілді. Сессия соңында қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АҚПӘТЕРДЕ ТҮЛЕКТЕР САЯБАҚ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Күні: , 78 рет оқылды

Жақында аудан әкімі Абат Шыныбековпен Ақпәтер ауылына іссапармен бірге барғанда жасалып жатқан саябақты көрдік. Ақпәтер ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Есенгелді Айсағалиев: -Бұл мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектердің атынан жасалып жатқан, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылғалы отырған іс, -деді.Түрлі тал-теректер отырғызылған және өрнектаспен жол төселген, жасалып жатырған субұрқақ күні ертең Ақпәтердің айшықты ажарын тағы бір ашары сөзсіз.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.