АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.05.2018


АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ

Күні: , 92 рет оқылды

9 мамыр күні аудан орталығында Ұлы Жеңіс мерекесі күні аталып өтті. «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар және мекеме-қоғамдық ұйым өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін «Достық» саябағында Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Жиналған жұртшылықты аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады. –Құрметті жерлестер! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесін тойлап отырмыз. Соғыс жаңғырығы алыстаған сайын неғұрлым бізге маңызды бола береді. Өйткені сол сұрапылда қаншама адамның қаны төгілді, қыршынынан қиылды. Ауданымыздан 7600-дей соғысқа аттанғандар болса, соның 4000-дайы ұрыс даласында қаза тауып, туған жерден топырақ бұйырмады. Бірақ олар ешуақытта да ұмытылмайды. Бүгінгі бейбіт күнде біз әкелер даңқы жолымен жүріп өтіп, жасапмаз істерді атқара береміз. Елімізге бейбітшілік, әр шаңыраққа бақыт тілеймін, -деді. Ұлы Жеңіс мерекесіне орай көршілес Ресей елінің Саратов облысы, Александров-Гай ауданынан келген аудандық муниципиалды депутаттар жиналысының төрағасы Анна Котова және ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Орнай Қартабаева құттықтады. Салтанатты мерекеде аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, сонымен қатар жұртшылық жауынгерлік ботқадан да дәм татты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛІП, ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 90 рет оқылды

Бүгін қазақстандық танымал кино және театр актрисасы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, жерлесіміз Данагүл Темірсұлтанова жұбайы Азат Сейітметовпен өзі оқыған Ғ.Молдашев атындағы білім ордасында болды. Білім ошағында өнер жұлдызы партаға отырып, ұстаздар қауымымен кездесті. Бұл кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, өнер иелеріне қош келдіңіз айтып, барша ауылдастарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Өнер иелерімен болған емін жарқын кездесуде сұрақтар қойылды. Ал Данагүл Темірсұлтанова өнерге қалай жеткендігін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аудан басшысы арнайы туған жеріне келіп, ауылдастарымен жүздескен Данагүл Қайырсапақызына, жұбайы Азат Сейітметовке аудан атынан естелік сыйлықтар тарту етті. Осындай кездесу, құрмет қошеметі үшін Данагүл Темірсұлтанова ауылдастарына зор алғысынын айтып, шексіз ризашылығын білдірді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 90 рет оқылды

7 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы бір топ тыл еңбеккерлерін қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі: -Бүгінгі мереке және келе жатқан Ұлы Жеңіс мейрамы сіздер үшін маңызды да қасиетті. Өйткені сонау сұрапыл жылдарда сіздер балалық шақтың бақытты күндерін көрмей, соғысқа аттанған ағалардың орынын басып, елде қалған ана-апаларымызбен бірге қоян-қолтық жұмыс жасадыңыздар. Бүгінгі күнде жетіп отырған бақытты шаққа сіздердің қосқан үлестерініңіз зор. Сондықтан ауданымыздағы 267 тыл ардагерін және 1 соғыс ардагерін әрқашанда құрмет тұтамыз, ардақтаймыз,-деді. Қабылдау кезінде сөз алған ардагерлер өздерінің сол кезеңдегі өмірлерін еске алып, бүгінгі бақытты күнге жеткізген және елімізде жүргізіліп жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, осындай қабылдау жасағаны үшін аудан әкімінің қызметіне табыстар тіледі. Қабылдауда ардагерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Әнмен өріліп отырған қабылдау ардагерлерді бір серпілтіп тастады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДА ӨТКЕН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

Күні: , 86 рет оқылды

7 мамыр күні «Достық» саябағында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік бағларлама оздырылды. Мереке күнімен және жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл толуына орай жиналған жұртшылықты аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады. Құттықтау рәсімінен кейін Қазталов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бір топ қызметкерлеріне мерекелік медальдар табысталса, сонымен қатар «Үздік» төс белгісімен Бостандық мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Асыланбек Сармалаев марапатталды. Сондай-ақ ауданымызда күні кеше ғана өткен халықаралық «Қызғалдақ көктем-Тюльпанная весна» эстрадалық ән байқауының өтуіне өзіндік үлес қосқан бір топ мекеме-ұжымдар және жекелеген адамдар аудан әкімінің алғысхатына ие болды. Бұлардың қатарында «Ауыл айнасы» газеті ұжымы да бар. Ауданда өткен үлкен халықаралық байқауды редакция ұжымы республикалық, облыстық БАҚ-тарға және сайттарға уақтылы тікелей салып отырғанын айтқан жөн. Мерекелік бағдарламада Алма Оразбаева, Қазталов, Бостандық мектептерінің әскери-патриоттық клубындағы оқушылар алғашқы әскери дайындықтан алып жатқан кәсіби-жауынгерлік дағды үлгілерін көрсетті. Бір айта кетер жайт, Бостандық орта мектебінің «Сұңқар» әскери-патриоттық клубындағы оқушылар жоғарғы дәрежеде алғашқы әскери жаттығу әдіс-дағдыларынан өтіп жүргендерін байқатты. Мерекенің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ДАРА ЖОЛ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Күні: , 106 рет оқылды

7 мамыр күні К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің акт залында Гүлназ Ізмұханованың өзінің атасы Ізмұхан Масалиев жайында «Дара жол» атты кітаптың тұсау кесу рәсімі өтті. Ізмұхан Масалиев Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жыл білім саласында ауылдың балаларына сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаз. «Дара жол» атты кітапта соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Ізмұхан Масалиев туралы жан-жақты баяндалған. Туғанына 100 жыл толған Ізмұхан атаның еселі еңбек жолы мен ғибаратты ғұмыры шөбересі Гүлназдың қаламымен өріліп, көзін көрген замандастары мен әріптестерінің естеліктері топтастырылған. Сонымен қатар кейіпкерлің өмірінен сыр шертетін фотосуреттер мен құжат көшірлемері берілген. Шарада Ізмұхан Масалиевтың тұңғыш немересі Қайрат Масалиев кітаптың тұсауын кесіп, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, қызметес болған әріптсетері Мұқсен Бақтыгереев, Ғилым Едекешев, Шынболат Өтешқалиев, Макка Мырзағұлова Ізмұхан ата жайында естеліктермен бөлісті. -1999 жылы Жалпақтал ауылының көшелеріне менің атам Ізмұхан Масалиевтың есімі берілді. Ал 2014 жылы атамның есімі берілген көшеге ескерткіш тақта орнатты. Еңбегі еленіп, ерлік, адамдық қасиеттері бағаланып, атамды мәңгі есте қалдыруды мақсат еткен ауыл ағаларына ризашылығымды білдіремін. Ұзақ жылдардағы қызметі мен ерен еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медалдармен марапатталды. Атамды көрмесем де мектебімнің ұстаздары ол кісінің жақсылығын, еңбексүйгіштігін айтудан жалықпайды. Бүгінде мен атамды мақтан тұтамын,-дейді шөбересі, кітаптың авторы Гүлназ Абзалқызы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ӨКІЛ ИМАМ ЖАЛПАҚТАЛДА

Күні: , 82 рет оқылды

6 мамыр күні ҚМБД-нің БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов іссапар барысында Жалпақтал ауылында болып, округ әкімінің орынбасары Меңдіхан Халиммулин қабылдады. Қабылдау барысында Меңдіхан Мұқасұлы бұл қызметке тағайындалған өкіл имамға игі тілегін арнаса, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева аудандағы діни ахуалдан хабардар жасады. Сонымен қатар бөлім басшысы ақпараттық түсіндіру топтарының жұмыстары жайында айтты. Мұнан кейін Жалпақтал аграрлық салалық технологиялар колледіжінің студенттерімен өткен кездесуге қатысып, емін-жарқын әңгіме болды. Сонымен қатар Жалпақтал мешітінің жұмысымен танысып, жамағатпен кездесті. Кездесуде өкіл имам облысымыздың рухани өміріндегі игі бетбұрыстар, діни сауаттылықты жетілдіруге байланысты іс-шаралар туралы баяндады. -Жалпақтал ауылына келудегі басты мақсатымыз жергіліктегі діни ахуалмен танысып, ауыл тұрғындармен кездесу. Мешіттегі келуші жастарболсын, жамағат болсын дәстүрлі бағыттың маңыздылығын түсіндіріп, елдегі тыныштыққа, ынтымақтыққа, соны нығайтуға үлесу қосу маңыздылығын, сондай-ақ оқу орындарының жастарын теріс ағымға кетпеу үшін алдын-алу түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар ысырапшылдыққа жол бермеу, ата-бабаларымыздың салтын сақтай отырып, асыл дінімізді насихаттау болып табылады,-деген Еркебұла қажы Ыбырайымұлы Жалпақтал мешітінің мәдениет үйінде ұйымдастырған «Қош келдің Рамазан» атты іс-шарасы қатысты.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


КТА ОЙЫНЫ ӨТТІ

Күні: , 96 рет оқылды

5 мамыр күні аудандық мəдениет үйінде «Қазталов» жастар кеңесі жастар қоғамдық бірлестігінің және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен КТА ойыны өтті. Бұл көңілді тапқырлар алаңына 3 команда қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Нағыз əзілдің таланттыларын анықтайтын бұл ойынға Қошанкөл, Бостандық, Қазталов ауылдарынан құрама командалар келіп, ойын барысында өз шеберліктерін көрсетті.Сондай-ақ Қазталов ауылынан «Монолит» командасы «Астана-жастар қаласы» тақырыбын аша түссе, ал «Bostan.city» командасы «Әріптер» кезеңде әзіларалас ұтымды сөйлемдер құраса, ал «Тіпті керемет» үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалып келгендерін байқатты.Ойын нәтижесінде қошанкөлдік «Тіпті керемет» командасы оза шауып, Орал қаласына жолдама алды.Ендеше, ойыншыларымызға сәттілік тілейміз

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.