АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.04.2018


ЖАСТАР «ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ» КҮНІН АТАП ӨТТІ

Күні: , 116 рет оқылды

14 сəуір күні «Рухани жаңғыру» кеңсесінің залында «Қазталов жастар кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігінің жəне аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» күні аталып өтілді. Бұл мерекелік кешке 50 жыл отасып, немере-жиен, шөбере сүйіп отырған Валериан Бектұрғанов атамыз, Нəбира анамызбен жəне өнерде де, өмірде де жұптары жазылмаған Мирас Жумабаев жан-жары Əсемгүлмен қатысты. Кездесу кешінің кейіпкерлері өмір жолдарындағы қызықты естеліктерін айтып, ең ұлы сезімнің сырымен бөлісті. Валериан атамызбен, Нəбира анамыздың шексіз махаббаттары бəрімізді таңғалдырды. -Нəбираны бірден көргенде ұнаттым. Ол да мені жақсы көрді. Ол Болашақ ауылының қызы болатын. 2 жыл жүрдік. Бір қызығы — Нəбираны көру үшін арнайы Болашаққа велосипедпен барып, 2 сағатта жетуші едім. Кеште кетсем, таңертең үйімде болатынмын. Сол кезде анам; -Сен ұшып жүретін құссың ба? -деп ылғи əзілдейтін. Нəбираға тұрмысқа шығуға сөз саларда да, ең алдымен өзіңе емес, тікелей анасымен жолығып сөйлестім, -деп Валериан атамыз сол кездегі махаббаттың сəтін қайта еске түсірді. Бұл кейіпкерлеріміздің əңгімесінің өзі біз үшін ертегідей болды. Ұйып тұрып тыңдадық. Набира анамыздың бойынан жолдасына деген сыйластықтың, құрметтіліктің белгісі анық байқалды. Атамыз бен əжеміз өнегелі өмір жолдарымен бүгінгі ұрпаққа үлгі болып отырған жандар деп білеміз.
Махаббат дастандарындағы тарихқа алтын əріппен жазылған ғашықтарымыз Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Лəйлі мен Мəжнүнді білетін болсақ, ал қазіргінің махаббат символы ретінде Мирас пен Əсемгүлді айта аламыз. Жас жұп болса да, балалық шақтан басталған махаббаттарының сырымен бөлісті. Иə, олар мектеп партасынан басталған махаббатты, өмір жолдарымен жалғастырып келеді. Студент болды. Қиын да қызықты күндерді бірге өткізді. Қос ғашықтың арадағы сезім оты өшпеді..Алыстаса да жүректері бір арнаға тоғысты..Міне, өшпес сезім отбасылық өмірге айналды… -2011 жылы отбасын құрдық. Аллаға шүкір, қазір 2 баланың ата-анасымыз. Бір-бірімізге деген махаббатымыз адал болды..Əсемгүл мені 1 жыл əскерден күтті. Ең бастысы — сенім жоғары болды, -дейді жас кейіпкеріміз Мирас Жумабаев. Кездесу кешінде аудандық зейнеткер аудандық ардагер ұстаздар бастауыш ұйымының төрайымы Гүлжиян Есмағұлова, «Гүлдерайым» əжелер ансамблінің мүшесі Гүлмай Базартаева ақ тілектерін жолдап, əннен шашу шашты..Сондай- ақ жастар да өз лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады.. Кездесу соңында кейіпкерлеріміз бүгінгі жастарымыздың махаббаттары жайқалып, тамырлары тереңге жайылсын деген мақсатта өз қолдарымен қос тал-терек отырғызды. МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕМҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

Күні: , 160 рет оқылды

14 сәуір күні Қазталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында Қазақстан Республикасының Елдордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиадаға Қазталов аудандық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы іріктеу жарысы өз жалауын көтерді. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов, -құрметті әріптестер, Қазталов ауданының мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар өз қызметтерімен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында да үлкен жетістіктерге жетіп жүргенін бәріміз білеміз. Алдағы сайыстарда нағыз мықтылар анықталып, ауданымыздың намысын қорғап, облыстық спартакиадада алдыңғы қатардан көрінсін,- деген тілегін білдірді. Іріктеу кезеңде мемлекеттік қызметкерлер волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, қол күресі, гір тасын көтеру, асық ату секілді спорттық сайыстардан сынға түспек. Жарыстарға Қазталов, Әқпәтер, Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Көктерек, Болашақ ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметкерлері қатысуда. Айта кетуіміз керек, ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын өтетін облыстық спартакиадаларда бас жүлде немесе жүлделі орындардан көрініп жүр. Біз де сәттілік тілейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ» БАСТАЛДЫ

Күні: , 98 рет оқылды

14 сәуір мен 14 маусым аралығыда ауданымыз бойынша «Тазалық айлығы» өтпек. Екі айға созылатын айлық барысында ауданымыздағы барлық елді мекендерде көшелерді тазалау және абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Осы орайда 14 сәуір күні аудан орталығы Қазталов ауылында мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары сенбілікке шықты. Сенбілік барысында ұжымдар өздерінің мекемелері орналасқан ғимараттардың және бөлініп берілген көшелердің аумағында тазарту жұмыстарына белсене қатысты. Сондай-ақ ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер де сенбілік кезінде өз үйлерінің айналасы мен көшелерін де тазалап, сенбілікке қатысулылары керек еді. Бірақ, өкініштісі үйлерінің айналасын тазартып жатқан бір-екі адамнан басқа ауыл тұрғындарын көре алмадық.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.