АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 20.03.2018


НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

Күні: , 174 рет оқылды

19 наурыз күні аудан әкімдігінде Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитованың төрағалық етуімен актив жиыны өтті. Жиында 22 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жоспары туралы әңгіме қозғалды. Мейрамға қатысты жұмыс жоспарларымен бөліскен Зәйлім Исатайқызы,- биылғы Наурыз мейрамының бір ерекшелігі, мерекені тойлау форматының жылдағыдан ауқымды болуын айтуға болады. Және де 22 наурыз күні бұл мейрамды аудан орталығында ғана емес, сонымен қатар ауданымыздың барлық округтерінде де атап өту жоспарланып отыр. Сондай-ақ аудан жастарының ұсынысымен бұл мейрамды ішімдіксіз өткізу көзделуде,- деді. Жиында аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау мекемесінің басшысы Талғат Хайдаров аудан тұрғындары мерекеде әртүрлі тағамдарды тұтыну кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде хабарлама жасады. Жиын соңында мереке күні орталық алаңды безендіру, киіз үй тігу, сахналық қойылым қою, ұлттық спорт түрлерін ұйымдастыру және дастархан жаю сияқты жұмыстар бойынша жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ҰЛТ ДӘСТҮРІ — ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ»

Күні: , 154 рет оқылды

19 наурыз күні «Достық «саябағында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Көрісу күні мен Наурыз мейрамына орайластырылған, аудандық «психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті» мекемесінің ұжымы ұйымдастырған «Ұлт дәстүрі — ұрпақ жүрегінде» атты мерекелік шара оздырылды. Шарада сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев саябаққа жиылған көпшілікті Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады. Шараға қатысқан көрерменнің назарына ұмытылып бара жатырған «Ерулік», «Тымаққа салу», «Шеге шапан» сияқты салт-дәстүрлеріміз әдемі көрініс ретінде сахналанса, алаңға жиналған мектеп оқушыларына «Бес тас», Ләңгі тебу» сияқты ұлттық ойындарымызды ойнаудың сәті түсті. Сондай-ақ ұмыт болған ұлттық аспабымызды жаңғыртып, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында осы мекеменің музыкалық ырғақ мұғалімі Жеңіс Хасанов өзі жасаған «Ортеке» аспапын домбырамен сабақтастыра «Келіншек күйін» шебер оырындап берді. Шара соңында жиналған көпшілік киіз үйде «наурыз көже» ішіп, мерекеге арнап жайылған дастарханнан дәм татты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.