АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.02.2018


СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫНА 75 ЖЫЛ. НЕМІСТЕР ҚАЙША АПАҒА ҚИЯНАТ ЖАСАМАҒАН

Күні: , 158 рет оқылды

Сталинград шайқасына 75 жыл толды. Дәл іргеміздегі Волгоград (Сталинград) қаласындағы шайқас Ұлы Отан соғысындағы ең маңызды шайқас болды. Сталинградты жауға бермеу үшін бүгінде енді ғана айтылып жатырған бас қолбасшы Сталиннің арнайы бұйрығы шығыпты. Ол бұйрық «Ни шагу назад!» деп аталыпты. Бұл шайқасқа батысқазақстандықтар көп қатысқан. Енді осыған байланысты біз мына бір ақиқатты айтқымыз келіп отыр. Сталинградты қорғауға азаматтармен қатар әйелдер де қатысты. Олардың ішінде өзіміздің Қазталов ауданынан Қайша апамыз да бар. Бұл апа туралы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап » Ауыл айнасы» түсірген «Қазталов отты жылдарда» деректі фильмінде анық айтылды. Қайша апай кім? Қайша апай Беспішен ауылының тумасы. 1924 жылы дүниеге келген. 92 жасында қайтыс болды. Сталинградқа бару тариxы былай болған екен. Қайша апайдың бірінші жолдасы Жағыпар соғысқа бармай, бой тасалаған. Соңынан ұсталып, сотталып, соғыстың алдыңғы шебіне жіберіліп, содан xабар-ошарсыз кеткен. Сол кезде (1942) Қайша апайдың жасы 18-де әрі аяғы ауыр көрінеді. Ол кезде қашқынның өзіне емес, отбасына да жазалар қолданылады ғой. Қайша апай ауылдың белсенділерінің (құлақтарының) көрсетуімен Сталинградқа жұмысқа жіберілді. Аяғы ауыр әйел өзіндей түрлі ұлт әйелдерімен бірге шағумай зауытында жұмыс жасаған. Сонда болғанда 1942 жылы 19 сәуірде іштегі сәби дүниеге келген. Қасындағы орыс әйелдері оны босандырып, нәресте қыздың есімін Рая қояды. От-жалынның ортасында дүниеге келген Рая апай қазір Беспішен ауылында, «Батыр ана». Жоғарыда айтқан деректі фильмді түсірер кезде түсірілім тобы мүшелерімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ағамыз да болды. Бір анықтап кетер жәйт, Қайша апамыз Уәлиолла Әбішев ағамыздың анасының туған апасы. Сол уақытта жасы тоқсандағы Қайша апай бізге мынандай бір деректі айтып берді. Сталинградтағы қиян-кескі шайқас кезінде қала шетіндегі зауытқа жұмысқа бара жатқанда көшеде кездейсоқ неміс солдаттарына қарсы ұшырасып қалған. Бойын қатты қорқыныш билепті. «Өлдім-ау» -деп ойлаған. Неміс солдаттары азиялық нәсілдегі әйелді көріп әрі оның аяғы ауыр екенін байқап, қаруларымен ішінен түртіп, өз тілдерінде бірдеңе деп қарқылдап күлген де жөндеріне кеткен. Бұл да бір адам бойындағы қаншама жау десек те аяушылық сезімі жойылмағанын көрсетпейме? Екі елдің соғысуына дұрысына қалғанда қатардағы жауынгерлер кінәлі емес екенін осыдан-ақ байқауға болады. Қайша апай бұдан кейін елге оралып, қайтадан тұрмыс құрып, 10 бала тәрбиеледі. Міне, бұл да кешегі сұрапыл жылдардың бір ауыр қасіреті. Бүгінгі күнде осы бір сұмдықтарды біле жүрген дұрыс-ау.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


23 – ІНШІ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИДАҒА ҚАТЫСАТЫН ЖЕРЛЕСТЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Күні: , 168 рет оқылды

3 ақпан күні «Достық» саябағында Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін 23-інші қысқы Олимпиаданы қолдау мақсатында спорттық шара өтті. Спортшыларға сәттілік тілеп, рухани қолдау білдірген аудан жастары арнайы флешмоб биледі. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Абат Абайұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі. Жарысқа ауылдық округтер мен мекеме, ұйымдардан спортшыларымыз қатысып, шайбалы хоккейден және шаңғы спортынан жарысқа түсуде.

Жұлдыз АСҚАР


ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Күні: , 182 рет оқылды

Орал қаласында 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында БҚО чемпионаты өткен болатын. Жарысқа Ақжайық, Шыңғырлау, Тасқала, Бөрлі, Сырым, Қаратөбе аудандары, Орал қаласымен бірге Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларымен 80-ге тарта спортшы қатысқан. Тартысты өткен жарыстан аудандық спорт мектебінің спортшысы Сұлтан Ақынбасов 48 келі салмақ дəрежесінде 2 орын иеленді. Сұлтанның жеңіске жетуіне септігін тигізген жаттықтырушысы Мейрам Гиляжов. Ауданымыздың атын шығарар спортшыларымыз көп болсын.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.